https://sputnik.kz/20221116/almaty-zhastary-baspana-arman-prezident-29360930.html
Алматы жастары үшін баспаналы болу қол жетпес арман болмауы керек – президент
Алматы жастары үшін баспаналы болу қол жетпес арман болмауы керек – президент
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Алматыда жұмыс сапарымен жүрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдікке жастардың баспана алуына жан-жақты жағдай жасауды... 16.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-16T09:34+0500
2022-11-16T09:34+0500
2022-11-16T09:37+0500
қоғам
алматы
жастар
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_a6ac378d34601c028ade9769949bc3ee.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Алматыда жұмыс сапарымен жүрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдікке жастардың баспана алуына жан-жақты жағдай жасауды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысы Алматы тұрғындарының көпшілігі, әсіресе, жастар үшін баспана ең өзекті мәселе екенін атап өтті. Айтуынша, қалада пәтердің бағасы тым жоғары."Әрине, еңбек жолын енді ғана бастаған жастар бірден пәтер сатып ала алмайтыны түсінікті. Бірақ, солай екен деп еш қарекетсіз қол қусырып отыруға болмайды. Жастардың баспана алуына жан-жақты жағдай жасау керек. Бұл – мемлекеттің басты міндетінің бірі", - деді Тоқаев Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуінде.Президент әкімдікке жалға берілетін тұрғын үй салу үшін инвесторларға тартымды болатын тиімді тәсілдерді ойластыруды тапсырды. Бірақ жалдамалы үйлер тым қымбатқа түспеуі керек. Ондай пәтерлер, ең алдымен, қолжетімді болуға тиіс.Ол келесі жылдан бастап тұрғын үй құрылысын жыл сайын 10 пайызға арттыру қажет екенін мәлімдеді."Әрине, Алматыда бос жер аз. Бұл жағдай құрылыстың қарқынын күшейтуге кедергі келтіруі мүмкін. Сол себепті, жаңа жерлерді игеру керек. Қалада 1500-ге жуық ескі үй бар. Шағын аудандарда тұрған мұндай үйлерге күрделі жөндеу жүргізген жөн. Ал, жаңғыртуға келмейтіндерін сүріп тастау қажет", - деп санайды президент.Тоқаев әкімдікке осы шаруаны кезең-кезеңмен жүзеге асыру үшін нақты жоспар әзірлеуді тапсырды. Алайда жаңғырту жұмыстары тұрғындарға қолайсыздық тудырмауы керек.Үйлердің тығыз салынуыБұған қоса ол жұрттың наразылығын тудыратын тағы бір маңызды мәселе – үйлердің тығыз салынуына тоқталды."Так называемая точечная застройка или "человейники". Осындай құрылыстар және жолдардың ыңғайсыз салынуы көп қолайсыздық тудырып отыр. Алматы заманауи урбанистика талаптарына сай болуы керек. Қаламыз бетоннан салынған орманға айналмауға тиіс", - деді президент.Сондай-ақ, Алатаудың самалы қалада еркін есуі қажет. Бұл қаланың экологиясы үшін өте маңызды. Қала салу кезінде құрылыс компанияларының емес, ең алдымен, тұрғындардың мүддесі ескерілуі керек. Заңдарымызда бұл жағдай нақты реттелмеген. Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, осы мәселені пысықтап, заңға тиісті түзетулер әзірлеуді тапсырамын, деді Тоқаев.Айтуынша, мұның бәрі Алматыны мейлінше жайлы, қолайлы қала ретінде одан әрі дамыту үшін қажет. Шаһарда Ботаникалық бақ сияқты қоғамдық орындар көп болуға тиіс. Кейбір аудандарда осындай нысандар мүлдем жоқ."Қала әкімдігі осы ахуалды түбегейлі өзгертуді көздеп отыр. Жұрттың демалуына арналған бес орталық салу жоспарда бар. Мен мұны толық қолдаймын. Бірақ, жұмысты сапалы орындау қажет", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/274/36/2743680_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_cf61408eb3590e218edd5b9b8fbb4611.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жастар
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Алматыда жұмыс сапарымен жүрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдікке жастардың баспана алуына жан-жақты жағдай жасауды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Алматы тұрғындарының көпшілігі, әсіресе, жастар үшін баспана ең өзекті мәселе екенін атап өтті. Айтуынша, қалада пәтердің бағасы тым жоғары.
"Әрине, еңбек жолын енді ғана бастаған жастар бірден пәтер сатып ала алмайтыны түсінікті. Бірақ, солай екен деп еш қарекетсіз қол қусырып отыруға болмайды. Жастардың баспана алуына жан-жақты жағдай жасау керек. Бұл – мемлекеттің басты міндетінің бірі", - деді Тоқаев Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуінде.
Президент әкімдікке жалға берілетін тұрғын үй салу үшін инвесторларға тартымды болатын тиімді тәсілдерді ойластыруды тапсырды. Бірақ жалдамалы үйлер тым қымбатқа түспеуі керек. Ондай пәтерлер, ең алдымен, қолжетімді болуға тиіс.
"Жалпы, Алматы жастары үшін баспаналы болу қол жетпес арман болмауы керек. Басында баспанасы бар жастардың ертеңгі күнге деген сенімі артады", - деді мемлекет басшысы.
Ол келесі жылдан бастап тұрғын үй құрылысын жыл сайын 10 пайызға арттыру қажет екенін мәлімдеді.
"Әрине, Алматыда бос жер аз. Бұл жағдай құрылыстың қарқынын күшейтуге кедергі келтіруі мүмкін. Сол себепті, жаңа жерлерді игеру керек. Қалада 1500-ге жуық ескі үй бар. Шағын аудандарда тұрған мұндай үйлерге күрделі жөндеу жүргізген жөн. Ал, жаңғыртуға келмейтіндерін сүріп тастау қажет", - деп санайды президент.
Тоқаев әкімдікке осы шаруаны кезең-кезеңмен жүзеге асыру үшін нақты жоспар әзірлеуді тапсырды. Алайда жаңғырту жұмыстары тұрғындарға қолайсыздық тудырмауы керек.
Бұған қоса ол жұрттың наразылығын тудыратын тағы бір маңызды мәселе – үйлердің тығыз салынуына тоқталды.
"Так называемая точечная застройка или "человейники". Осындай құрылыстар және жолдардың ыңғайсыз салынуы көп қолайсыздық тудырып отыр. Алматы заманауи урбанистика талаптарына сай болуы керек. Қаламыз бетоннан салынған орманға айналмауға тиіс", - деді президент.
Сондай-ақ, Алатаудың самалы қалада еркін есуі қажет. Бұл қаланың экологиясы үшін өте маңызды. Қала салу кезінде құрылыс компанияларының емес, ең алдымен, тұрғындардың мүддесі ескерілуі керек. Заңдарымызда бұл жағдай нақты реттелмеген. Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, осы мәселені пысықтап, заңға тиісті түзетулер әзірлеуді тапсырамын, деді Тоқаев.
Айтуынша, мұның бәрі Алматыны мейлінше жайлы, қолайлы қала ретінде одан әрі дамыту үшін қажет. Шаһарда Ботаникалық бақ сияқты қоғамдық орындар көп болуға тиіс. Кейбір аудандарда осындай нысандар мүлдем жоқ.
"Қала әкімдігі осы ахуалды түбегейлі өзгертуді көздеп отыр. Жұрттың демалуына арналған бес орталық салу жоспарда бар. Мен мұны толық қолдаймын. Бірақ, жұмысты сапалы орындау қажет", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.