https://sputnik.kz/20221116/almaty-qasiretti-qantar-toqaev-29360148.html
Алматы қасіретті қаңтардан кейін толығымен қалпына келтірілді – Тоқаев
Алматы қасіретті қаңтардан кейін толығымен қалпына келтірілді – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін Алматы қаласы толығымен қалпына келгенін айтты. 16.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-16T09:18+0500
2022-11-16T09:18+0500
2022-11-16T13:19+0500
қоғам
алматы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/09/08/27378790_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_e49cc5590ab70cf88a8dd44a028f9dd1.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін Алматы қаласы толығымен қалпына келгенін айтты.Президент Алматы еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күші және көшбасшысы екенін атап өтті. Бұл қала жалпы ішкі өнімнің бестен бірін, яғни бюджеттік кірістің 25 пайыздан астамын және сауда-саттықтың үштен бірін қамтамасыз етеді.Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала. Алматыда еліміз үшін ең маңызды шешімдер мен құжаттар қабылданды. Осы жерде Егемендік декларациясына қол қойылды, Тәуелсіздігіміз жарияланды. Еліміздің болашағын айқындаған басқа да көптеген тағдырлы оқиғалар өтті, деп жалғастырды сөзін мемлекет басшысы."Алматы – еліміздің іскерлік, рухани, ғылыми және туристік орталығы. Сондықтан, мен қаланың дамуына, оның тіршілікке қолайлы, жайлы болуына айрықша мән беремін", - деп атап өтті Тоқаев.Еске салсақ, 15 қараша күні президент Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/08/27378790_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_08d1a82c3de269ae5902b657617532b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қасым-жомарт тоқаев
алматы, қасым-жомарт тоқаев
Алматы қасіретті қаңтардан кейін толығымен қалпына келтірілді – Тоқаев
09:18 16.11.2022 (жаңартылды: 13:19 16.11.2022) АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін Алматы қаласы толығымен қалпына келгенін айтты.
Президент Алматы еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күші және көшбасшысы екенін атап өтті. Бұл қала жалпы ішкі өнімнің бестен бірін, яғни бюджеттік кірістің 25 пайыздан астамын және сауда-саттықтың үштен бірін қамтамасыз етеді.
"Бүгінгі таңда Алматы "қасіретті қаңтардан" кейін толығымен қалпына келтірілді, қала экономикасы тұрақты түрде дамуда", - деп мәлімдеді Тоқаев Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуінде.
Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала. Алматыда еліміз үшін ең маңызды шешімдер мен құжаттар қабылданды. Осы жерде Егемендік декларациясына қол қойылды, Тәуелсіздігіміз жарияланды. Еліміздің болашағын айқындаған басқа да көптеген тағдырлы оқиғалар өтті, деп жалғастырды сөзін мемлекет басшысы.
"Алматы – еліміздің іскерлік, рухани, ғылыми және туристік орталығы. Сондықтан, мен қаланың дамуына, оның тіршілікке қолайлы, жайлы болуына айрықша мән беремін", - деп атап өтті Тоқаев.
Еске салсақ, 15 қараша күні президент Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды.