https://sputnik.kz/20221115/smayylov-inflyatsiya-zhayly-akimdikter-qolga-algan-sharalar-zhetkiliksiz-29326201.html
Смайылов инфляция жайлы: әкімдіктер қолға алған шаралар жеткіліксіз
Смайылов инфляция жайлы: әкімдіктер қолға алған шаралар жеткіліксіз
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik... 15.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-15T09:56+0500
2022-11-15T09:56+0500
2022-11-15T09:56+0500
баға
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/1307/50/13075095_0:66:2048:1218_1920x0_80_0_0_86cb50a6fb4ec14e4a2c2de9233b0885.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол биыл қазан айында инфляция өсімі жеделдегенін атап өтті. Айтуынша, оған азық-түлік қымбатшылығы айтарлықтай әсер етіп отыр.Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, жылдық мәнде инфляция 18,8%-ке жетті. Ал азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 23,1%-ті құрап отыр, өйткені жеміс-жидек пен көкөністің маусымдық арзандауы аяқталған."Азық-түлікке жатпайтын инфляция да 17,9%-ке дейін өсті. Импорт үлесі жоғары тауарлардың, оның ішінде жеке қолданыстағы тауарлардың, тұрмыста қолданылатын құралдардың, құрылыс материалдарының, дәрі-дәрмектің бағасы тез өсіп отыр. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар құрылымында жанар-жағармай мен автомобильдер бағасының өсуі баяулады", -деді Шолпанқұлов үкімет отырысында.Ақылы қызметтер инфляциясы 13,5%-ке жеткен. Тұрғын үйді жалға беру ақысы әлі де төмендеген жоқ, энергия өндіруші компаниялар тарифінің өсуіне байланысты электр қуатының құны қымбаттады."Жоғары инфляциялық болжамдарға, фискалдық ынталандыруға байланысты инфляциялық процестердің өсуі дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жалғастыруды талап етеді", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1307/50/13075095_227:0:2048:1366_1920x0_80_0_0_76d5c7065af2278029d6d8bc77a4dec5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баға, әлихан смайылов
Смайылов инфляция жайлы: әкімдіктер қолға алған шаралар жеткіліксіз
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол биыл қазан айында инфляция өсімі жеделдегенін атап өтті. Айтуынша, оған азық-түлік қымбатшылығы айтарлықтай әсер етіп отыр.
"Бұл, бірінші кезекте, әкімдіктер тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Осыған байланысты бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау керек", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, жылдық мәнде инфляция 18,8%-ке жетті. Ал азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 23,1%-ті құрап отыр, өйткені жеміс-жидек пен көкөністің маусымдық арзандауы аяқталған.
"Азық-түлікке жатпайтын инфляция да 17,9%-ке дейін өсті. Импорт үлесі жоғары тауарлардың, оның ішінде жеке қолданыстағы тауарлардың, тұрмыста қолданылатын құралдардың, құрылыс материалдарының, дәрі-дәрмектің бағасы тез өсіп отыр. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар құрылымында жанар-жағармай мен автомобильдер бағасының өсуі баяулады", -деді Шолпанқұлов үкімет отырысында.
Ақылы қызметтер инфляциясы 13,5%-ке жеткен. Тұрғын үйді жалға беру ақысы әлі де төмендеген жоқ, энергия өндіруші компаниялар тарифінің өсуіне байланысты электр қуатының құны қымбаттады.
"Жоғары инфляциялық болжамдарға, фискалдық ынталандыруға байланысты инфляциялық процестердің өсуі дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жалғастыруды талап етеді", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.