Өңірлер

Шымкентте бір келі есірткі ұстап жүрген қала тұрғыны ұсталды

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қараша - Sputnik. Шымкент қаласында сөмкесіне бір келіден астам синтетикалық есірткі салып жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Полицейлер көшеде күдік тудырған бір ер адамды байқады. Ол Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты. Ал тінту кезінде сөмкесінен қара түсті полиэтиленді пакетте скотчқа оралған жалпы салмағы бір келіден асатын синтетикалық есірткі заттары табылды. Сараптама қорытындысы бойынша "Мефедрон" есірткі заты болып шықты. Салмағы - 1 келі 151 грамм.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 296-бабы, 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оған қоса, 29 жастағы ер адам бұған дейін қылмыстық жазаға тартылған.
Айта кетері, қалада "Қарасора-2022" жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Соның аясында есірткі қылмысына қарсы жұмыстар күшейтілді.
Жаңалықтар
0