Шахтадағы апатты тергеу қорытындысы қашан жарияланатыны белгілі болды

Ленин атындағы шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Ленин атындағы шахтада болған апатты тергеу нәтижесі қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, тергеу әлі жалғасып жатыр.
"Біз қорытындыны 23 қарашада береміз. Комиссия жұмыс істеп жатыр. 23 қараша күні Қарағандыда БАҚ өкілдерін жинап, нәтижесін жария етеміз", - деді Ильин үкімет кулуарында.
3 қарашада Ленин атындағы шахтада дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен метан жарылды. Артынан өрт шықты. Апат салдарынан 5 кенші қаза тапты. Тағы төрт жұмысшы ауруханаға түсті.
7 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында апат жиілеп, қайталана беретін жағдайға жеткенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы жедел түрде қатаң шаралар қабылдауды тапсырып, зауыттың жағдайына шынайы баға беретін халықаралық компанияны тартуды ұсынды.
Тоқаевтың сынынан кейін "АрселорМиттал ТМД" атқарушы вице-президенті Виджай Гоял компанияға қарайтын барлық шахтада тәуелсіз аудит жүргізілетінін мәлімдеді. Аудитор-компанияны Қазақстан үкіметі таңдайды.
Жаңалықтар
0