Семейде қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына пәтер берілді

© Photo : Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики КазахстанСемейде қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына пәтер берілді
Семейде қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына пәтер берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Семей қаласында дала өрті кезінде қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасына үш бөлмелі пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қыркүйектің басында Жарма ауданында болған өрт кезінде желдің бағыты өзгеріп, автоцистерна мен КАМАЗ мінген бірнеше өрт сөндіруші қоршауда қалды. Ағаш жанып, жалын екі метрге дейін көтерілді. Сол кезде бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков, жүргізуші Айдос Тоғызбаев пен өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрлан Салимжан түрлі дәрежеде күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Айдос алған жарақатынан көз жұмды.
Осы оқиғадан кейін Семейдегі "Азия Фирма" ЖШС бас директоры Сәуле Досқожанова қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына үш бөлмелі пәтер берілетіні туралы хабарлаған болатын.
"Араға 2 ай салып, 12 қараша күні "Фирма Азия" ЖШС өкілдері "Қарағайлы" ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінен үш бөлмелі пәтердің кілтін марқұм Айдос Тоғызбаевтың жұбайы мен балаларына табыстап, жаңа қонысымен құттықтады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Айдос Тоғызбаевтың отбасына ІІІ дәрежелі "Айбын" ордені табысталған болатын.
Жаңалықтар
0