Қостанай облысында "шетелдікке" көмектескен 15 адам сан соғып қалды

© Photo : Pixabay / PexelsСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Қостанай облысында тұрғындарға 10 млн теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қостанайлық полицейлер облыс орталығы мен өңірдің 15 тұрғынының атынан алаяқтық жолмен онлайн несие рәсімдеген алаяқты ұстады. Шығын шамамен 10 млн теңгені құрады.
Қылмыстық істер 15 эпизод бойынша тергелуде. Облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны өңір аумағында алаяқтық әрекеттер жасаған.
"Ер адам бейтаныс адамдардың сеніміне еніп, өзін шетел тұрғыны ретінде таныстырған. Ол өзінің қиын жағдайда және ақшасыз қалғанын айтқан. Қаскүнем оған туыстарының ақша аударуы үшін олардан банк шотының деректемесін сұраған", – деді Қостанай қаласы ПБ жедел уәкілі Саят Асанов.
Күдікті жәбірленушілердің телефоны арқылы ақшалай және түрлі тауарларды сатып алуға онлайн несиелерді рәсімдеген.
Қазіргі уақытта барлық факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жаңалықтар
0