Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қазақстан Ресейдің репарация төлеуіне қатысты қарарға дауыс беруде қалыс қалды

© Sputnik / Абзал КалиевФлаги ООН в Мид Казахстана
Флаги ООН в Мид Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің Украинаға репарация төлеу механизмі туралы қарарды қабылдады. Құжатты қолдап 94 ел дауыс берсе, 14 ел қарсы болды, 73 ел қалыс қалды. Қазақстан да қалыс қалғандар тізіміне енді.
БҰҰ Бас ассамблеясының кезектен тыс сессиясына қатысушылар Ресейдің Украинаға келтірген залалдың халықаралық тізілімін құру туралы, сондай-ақ шығындардың орнын толтыру тетігін құру қажеттілігін мойындайтын қарар қабылдады.

Кім қарсы дауыс берді

Ресей, Беларусь, Зимбабве, Иран, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Мали, Никарагуа, Сирия, Багам аралдары достастығы, Орталық Африка Республикасы, Эритрея және Эфиопия құжатқа қарсы дауыс берді.

Кім қалыс қалды

Посткеңестік кеңістіктегі елдерден Қазақстаннан басқа Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қалыс қалды.

Кім қолдап дауыс берді

Грузия, Латвия, Литва, Молдова, Украина және Эстония қарарды қолдады. Венгрия мен Түркия да құжатты қолдады.
Индонезия, Сауд Арабиясы және Сербия қалыс қалса, Әзербайжан мен Түрікменстан дауыс беруге қатысқан жоқ.
Канада, Гватемала, Нидерланды және Украина Бас Ассамблеяға мүше мемлекеттерге Украинаға келтірілген шығын мен залал туралы шағымдар мен деректерді тіркейтін "халықаралық тізілімді" жүргізуді ұсынатын құжаттың тең авторлары болды, деп жазды РИА Новости.
Жаңалықтар
0