Экономика

Жыл басынан бері ел экономикасы 2,5 процентке өсті

© Photo : пресс-служба ассоциации Railways Systems KZАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Осы жылдың он айы ішінде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5%-ті құрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл қаңтар-қазанда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5%-ті құрады. Оның ішінде нақты сектордағы өсім – 2,8%, ал қызмет көрсету саласы – 1,6%. Оң өсім қарқыны ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау салаларында тіркелді", - деді Қуантыров үкімет отырысында.

Айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,7%-ке өскен.
Қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 35%-ке өсіп, 98,4 млрд долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 47,5%-ке өсіп, 63,8 млрд долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 37,5%-ке ұлғайып, 19,3 млрд доллар болды.
Тауар импорты 34,6 млрд долларға тең.
"Жалпы, оң сауда балансы 29,3 млрд долларды құрады", - деді министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша, елімізде машина жасау өндірісі 7,7%-ке өсті. Атап айтқанда, автомобиль жасау – 18,3%-ке, электр жабдықтарын жасау – 12,4%-ке артты.
Жаңалықтар
0