Орташа зейнетақының мөлшері азайды

© Photo : pixabay/ds_30Иллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақының мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл 10 айдың ішінде қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Өткен айда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 млрд теңге (соның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 170,5 млрд теңге) бөлінді.
"2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 993 теңге болды", - делінген ресми хабарламада.
Ал республика бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 268 мың адамды құрады.
Айта кетері, өткен айда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 109 171 теңгені құрады. Ол кезде барлығы 2 млн 261 мың зейнеткер болған.
Жаңалықтар
0