https://sputnik.kz/20221115/oraldagy-gaz-tapshylygy-zhanarmay-quyu-stantsiyalarynda-keptelis-bastaldy-29324988.html
Оралдағы газ тапшылығы: жанармай құю станцияларында кептеліс басталды
Оралдағы газ тапшылығы: жанармай құю станцияларында кептеліс басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Орал қаласында сұйытылған мұнай газын шағын жағармай құю станцияларынан ғана табуға болады. Оны құю үшін ұзын-сонар кезекте тұру... 15.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-15T10:17+0500
2022-11-15T10:17+0500
2022-11-15T10:17+0500
газ
орал
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_7ab5e340b5abd813d039ed77bec4b807.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Орал қаласында сұйытылған мұнай газын шағын жағармай құю станцияларынан ғана табуға болады. Оны құю үшін ұзын-сонар кезекте тұру керек, деп хабарлады "Мой город".Ал кейбір станцияларда сұйытылған мұнай газы тек талонмен ғана сатылады. Басқасында отынның бұл түрі мүлдем жоқ.Батыс Қазақстан облыстық энергетика басқармасының басшысы Мейіржан Нұртазиевтің айтуынша, қарашаның басында газ толтыру станцияларында 180 тонна газ қалған."Бекітілген жоспарға сәйкес, қараша айында сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу көлемі 3 438 тоннаны құрап отыр. Алайда 26 қазанда Атырау мұнай өңдеу зауыты қарашада сұйытылған газды өндіру көлемінің азаятынын энергетика министрлігіне ескерткен. Осыған байланысты газ құю және газ толтыру станцияларына жеткізілетін өнімнің көлемі біртіндеп 35 процентке азаяды", - дейді Нұртазиев.8 қарашада Атырау мұнай өңдеу зауыты технологиялық қондырғыларды жөндейтінін хабарлаған. Бұл жұмыс 14 қараша аяқталады делінген."АМӨЗ" ЖШС толыққанды іске қосу мен Батыс Қазақстан облысының тұтынушылары үшін өнім жеткізудің алдын ала мерзімі – 18 қараша", - деп атап өтті Нұртазиев.Оның сөзіне қарағанда, энергетика министрлігі "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-дан қосымша 504 тонна газды жеткізуге келісті.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_237:0:2966:2047_1920x0_80_0_0_056dc4306cb7527388710f71164efb9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, орал
Оралдағы газ тапшылығы: жанармай құю станцияларында кептеліс басталды
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Орал қаласында сұйытылған мұнай газын шағын жағармай құю станцияларынан ғана табуға болады. Оны құю үшін ұзын-сонар кезекте тұру керек, деп хабарлады "
Мой город".
Ал кейбір станцияларда сұйытылған мұнай газы тек талонмен ғана сатылады. Басқасында отынның бұл түрі мүлдем жоқ.
Батыс Қазақстан облыстық энергетика басқармасының басшысы Мейіржан Нұртазиевтің айтуынша, қарашаның басында газ толтыру станцияларында 180 тонна газ қалған.
"Бекітілген жоспарға сәйкес, қараша айында сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу көлемі 3 438 тоннаны құрап отыр. Алайда 26 қазанда Атырау мұнай өңдеу зауыты қарашада сұйытылған газды өндіру көлемінің азаятынын энергетика министрлігіне ескерткен. Осыған байланысты газ құю және газ толтыру станцияларына жеткізілетін өнімнің көлемі біртіндеп 35 процентке азаяды", - дейді Нұртазиев.
8 қарашада Атырау мұнай өңдеу зауыты технологиялық қондырғыларды жөндейтінін хабарлаған. Бұл жұмыс 14 қараша аяқталады делінген.
"АМӨЗ" ЖШС толыққанды іске қосу мен Батыс Қазақстан облысының тұтынушылары үшін өнім жеткізудің алдын ала мерзімі – 18 қараша", - деп атап өтті Нұртазиев.
Оның сөзіне қарағанда, энергетика министрлігі "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-дан қосымша 504 тонна газды жеткізуге келісті.