Неміс компаниясы Швецияда атом реакторларын жаңғыртуды кейінге қалдырды

© Sputnik / Александр Гальперин / Медиабанкке өтуЛоготип компании Uniper
Логотип компании Uniper - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2022
Жазылу
Германияның энергетикалық концерні Uniper швед серіктестеріне жаңа атомдық реакторлардың құрылысы бағдарламаларын толығымен тоқтататынын айтты. Бұл туралы Sveriges Radios Ekot радиостанциясының эфирінде компания спикері Джордж Опперманн мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
Uniper Ресейде жақсы танымал. Біріншіден, ол көп жыл бойы ресейлік газдың негізгі сатып алушыларының бірі болғандықтан, оның атауын атомдық генерация нысандарымен бірге атау көпшілік үшін түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ бұл тек үстірт көзқарас.
Көмірсутектердің, соның ішінде, ресейлік және баға ауытқуы мен форс-мажор жағдайлары қарастырылған ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша саудасы өте пайдалы кәсіп. Сондықтан Uniper-дің қаржылық жағдайы өте тұрақты болғаны соншалық, неміс энергетиктері Швециядағы барлық дерлік атомдық кластерді сатып алды. Бұл Брюссельдің де, монополияға қарсы комитеттің де ешқандай наразылығын тудырған жоқ.
"Қазіргі уақытта Uniper компаниясы Oskarshamn (OKG) атом электр станциясының бақылау пакетіне, Ringhals және Forsmark атом электр станцияларындағы миноритарлық акцияларға ие, сонымен қатар ол шведтің көне атом электр станциясы Barsebäcksverket иеліе етеді. Айта кету керек, неміс операторы аса асықпай, бүгінгі күнге дейін тек атом электр станциясының бірінші және екінші турбиналық залдарындағы энергетикалық жабдықты бөлшектеу туралы хабарлады. Яғни машиналық залдың өзі және контайнмент әлі де бүтін және белгілі бір міндеттерді орындауға жарамды", - деп жазды мақала авторы.
2022 жылғы энергетикалық және қаржылық дағдарыс Швецияны айналып өтпеді. Мұнда да генерация тапшылығы және оның бағасы өсуі байқалды. Сондықтан, осыдан бір ай бұрын Uniper еншілес кәсіпорны – Barsebäck Kraft бас директоры атом электр станциясының инфрақұрылымы бұзылмайтынын мәлімдеді. Оның негізінде энергетикалық кластер құрылып, онда ядролық генерация да ұсынылады.
Швециядағы барлық атом электр станциясы өте ескі және ең көне станция Barsebäcks-ты сәтті "реновациялау" керемет мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Бір жағынан, Uniper швед электр энергиясы нарығында толық үстемдікке ие болады, екінші жағынан, бұл Еуроодақтың ресейлік энергия ресурстары жеткізулеріне тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді.
Швецияны атомдық ел деп атауға болады. Сондықтан Стокгольм өзінің реакторлық паркін жаңартуға мүдделі. Реакторлық парктердің жұмысындағы шағын ақаудың салдары өте ауқымды болады. Мысалы, 9 қарашада OKG атом электр станциясының үшінші энергоблогында белгілі бір ақау болып, бұл 1 400 мегаватт қуат жоғалтуға әкелді және бұл өз кезегінде Швецияның бүкіл оңтүстігін қуатсыз қалдырды. Осыған байланысты ел үкіметі Uniper жоспарларын қолдап, өз энергиялық әлеуетін арттыруды және Еуропадағы ең жасыл ел болуды көздеді", - деп жазылған материалда.
Осы тұста бір мәселе туындайды. Жалпы, Uniper өзі реактор сала алмайды. Немістер оператор ретінде бай тәжірибесі бар негізгі тапсырыс беруші және инвестор болуды көздеді. Олардың бұған дейінгі қаржылық жағдайы бұған толық мүмкіндік берді. ні есімізде. Немістер осындай тапсырысты орындауға қабілетті компания ретінде француздық EDF компанияға жүгінуді жоспарлаған.
Арнайы әскери операция басталғанға дейін және Еуропа Ресейге қарсы санкцияларды енгізгенге дейін бәрі ойдағыдай жүріп жатты. Ресейлік атом энергетикасы көмірсутектерді өндіру өнеркәсібінен әлдеқайда бұрын шектеу қысымына ұшырады. Ресейлік құбыр газын жеткізу тұрақты түрде қысқарып, белгілі бір уақытта Uniper сатып алуды толығымен тоқтатқанын хабарлады.
Көп ұзамай компанияның 40 миллиард долларды құраған рекордтық шығыны туралы ақпарат жарияланды, оның банкротқа ұшырау ықтималдылығы туралы қауесет тарады. Бас кеңсе шығындарды мүмкіндігінше қысқартыпжатыр. Uniper басқа Eon энергетикалық компаниясындағы әріптестерімен бірге электр қуатын үнемдеу мақсатында кеңселерінің бір бөлігін қыста жабатыны белгілі болды. Мұндай жағдайда жаңа реакторлар құрылысы кейінгі ысырылғаны белгілі.
Швед атом энергетикасын жаңғырту жоспары кейінге қалдырылғаны туралы белгілі болғанға дейін Прагада атом энергетикасы мәселелері бойынша конференция өтті. Шарада комиссар Кадри Симсон бейбіт атом Ескі әлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал болып қала беретінін ашық айтты. 2030 жылға қарай Еуроодақ иелігінде кемінде 100 гигаватт ядролық қуат болуы керек. Еурокомиссар ескі реакторларды жаңартып, жаңа реакторлар буынын дамыту үшін 450 миллиард еуро қажет екенін айтты. Осылайша ресейлік энергия ресурстары жеткізулеріне енгізілген шектеулер Еуропаның атомдық тренессансына немесе ауқымды бюджет қаражатын қарастыруға себеп болып отыр.
Жаңалықтар
0