https://sputnik.kz/20221115/ministrler-akimder-278-mlrd-tenge-29344189.html
Министрлер мен әкімдер 278 млрд теңгені игермеген
Министрлер мен әкімдер 278 млрд теңгені игермеген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша министрліктер мен әкімдіктер 278 миллиард теңгені игерген жоқ. Бұл туралы... 15.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-15T16:01+0500
2022-11-15T16:01+0500
2023-08-10T12:17+0500
экономика
министр
әкім
https://sputnik.kz/img/894/98/8949856_0:208:2901:1839_1920x0_80_0_0_2382d57cf3a146d237409b1ab6d6946f.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша министрліктер мен әкімдіктер 278 миллиард теңгені игерген жоқ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, бюджеттің игерілмеуіне қазынашылық ақпараттық жүйелердегі техникалық ақаулар, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыс актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ жасасу себеп болған.Сондай-ақ жергілікті бюджеттердің шығыстары 8,1 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 520 млрд теңге."Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге нысаналы трансферт көзделген. 1 қарашадағы жағдай бойынша оларға 2,6 трлн теңге бөлінді. Оның 94,1%-і игерілген. Атқарылмағаны – 150 млрд теңге, оның ішінде 16 млрд теңге – үнемделген ақша, ал 134 млрд теңге игерілмеген", - деп жалғастырды сөзін министр.Игерілмеген қаржының басым бөлігі Астана қаласы, Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына тиесілі.Игерілмеудің негізгі себептері – жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шотты кеш ұсыну.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/894/98/8949856_84:0:2815:2048_1920x0_80_0_0_7b2327e5abfb4d49481f3c46a8794128.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министр, әкім
Министрлер мен әкімдер 278 млрд теңгені игермеген
16:01 15.11.2022 (жаңартылды: 12:17 10.08.2023) АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша министрліктер мен әкімдіктер 278 миллиард теңгені игерген жоқ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"278 млрд теңге игерілген жоқ. Ең көп игерілмеу сомасы индустрия және инфрақұрылымдық даму, ішкi iстер, төтенше жағдайлар және оқу-ағарту министрліктерінде", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Айтуынша, бюджеттің игерілмеуіне қазынашылық ақпараттық жүйелердегі техникалық ақаулар, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыс актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ жасасу себеп болған.
Сондай-ақ жергілікті бюджеттердің шығыстары 8,1 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 520 млрд теңге.
"Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге нысаналы трансферт көзделген. 1 қарашадағы жағдай бойынша оларға 2,6 трлн теңге бөлінді. Оның 94,1%-і игерілген. Атқарылмағаны – 150 млрд теңге, оның ішінде 16 млрд теңге – үнемделген ақша, ал 134 млрд теңге игерілмеген", - деп жалғастырды сөзін министр.
Игерілмеген қаржының басым бөлігі Астана қаласы, Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына тиесілі.
Игерілмеудің негізгі себептері – жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шотты кеш ұсыну.