Екібастұзда асфальтті қардың үстіне төсеген

© Photo : Акимат Нур-Султана Иллюстративті фото
Иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Екібастұзда қардың үстіне асфальт салған. Оны жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алыпты.
Бұл жағдай Энергетиктер көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында болған, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Бейнежазбада жол жөндеушілердің ыстық асфальтты буын бұрқыратып төсеп жатқаны анық көрінеді. Екібастұз әкімдігі мұны растады. Биыл қаладағы 24 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл соңғысы болды дейді.
"Энергетиктер көшесі, 60 мекенжайы бойынша жұмыс жүргізу кезеңінде жауын-шашын болды. Содан кейін "ГрадСтройСервис" ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысы уақытша тоқтатылды. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде технология бұзылған жоқ, Бүгінгі күні барлық тиісті жұмыс аяқталды", - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мамандары.
Жаңалықтар
0