Елорда тынысы

Астаналық әйелге ВИЧ-ті әдейі жұқтырған ер адам анықталды

© AFP 2024 / NOEL CELISМедицина
Медицина - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қараша - Sputnik. Ақмола облысында ер адам өзімен бірге тұратын әйелге ВИЧ-ті әдейі жұқтырғаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары Астанада тұратын әйелден АИТВ-ға жасалған тестің оң нәтижесін анықтады.
"Оның эпидемиологиялық ортасын тексеру кезінде Ақмола облысындағы аудандардың бірінде туған ер адаммен бірге тұрғаны анықтады. Ол 2014 жылдан бері АИТВ жұқтырған адам ретінде Ақмола облыстық ЖИТС орталығында диспансерлік есепте болған. Әйелдің айтуынша, ер адам өзінде АИТВ инфекциясының бар екенін жасырған", - делінген облыстық полицияның хабарламасында.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 118-бабы, 2-бөлігі ("АИТВ бар екендiгiн бiлген адамның осы ауруды басқа адамға жұқтыруы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0