2023 жылы өрт сөндірушілердің жалақысы өседі

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өту Сотрудники МЧС во время тушения пожара, архивное фото
 Сотрудники МЧС во время тушения пожара, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Келесі жылдан бастап өрт сөндірушілердің ең төмен жалақысы 180 мың теңге болады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, үш жыл бұрын өрт сөндірушілер 65 мың теңге алатын. Қазір қызметке енді кіріскен маманның ең төмен жалақысы 110 мың теңге шамасында.
"2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10%-тен 70%-ке дейін көтеру жоспарланып отыр. Қатардағы құрамның айлығы 70 пайызға, ал басқарушы құрам – өрт сөндіру қызметі мен бөлім басшыларынікі 10 пайызға өседі", - деді Ильин үкімет кулуарында.
Бұл ретте ТЖ министрлігінің басшылық құрамы, соның ішінде министр мен оның орынбасарларының жалақысы ұлғаймайды.
Жаңалықтар
0