Әлем

Түркиядағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

© AFP 2024 / YASIN AKGULЖарылыс, Ыстанбұл
Жарылыс, Ыстанбұл - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Ыстанбұл көшесіндегі жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, Түркиядағы бас консул жергілікті билікпен және губернатормен тікелей байланысты.
"Оқиғаның мән-жайын анықтау белгілі бір уақыт алды. Соңғы мәлімет бойынша жарылыстан зардап шеккенер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бас консулдықтың дипломаттары түнімен барлық инстанцияға хабарласып, ауруханаларды аралап шықты. Қуанышқа орай тізімде қазақстандықтар жоқ", - деді Смадияров СІМ-де өткен апта сайынғы брифингте.
Еске салсақ, 13 қараша кешке Ыстанбұлдың Истикляль көшесінде жарылыс болды. Салдарынан алты адам қаза тауып, елу үш адам жараланды.
Түрік полициясы көшеде бомба қалдыруы мүмкін адамды ұстады.
Алғашқы мәліметтерге қарағанда, жарылыстың артында Күрдістан жұмыс партиясы мен күрдтердің Халықтық өзін-өзі қорғау жасақтары тұр. Түркия билігі әйел адам жасаған жарылысты теракт деп бағалады.
Стамбулдағы жарылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Ыстанбұлдағы жарылыс: күдікті қамауға алынды
Жаңалықтар
0