Тоқаев Түркия президентіне көңіл айтты

© PhotoТоқаев Түркия президентіне көңіл айтты
Тоқаев Түркия президентіне көңіл айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 ҚАРАША – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты, деп жазды Борт 1 телеграм каналы.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
"Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.
Президент қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, Ыстанбұлдағы жарылыстан 6 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланды.
Стамбулдағы жарылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Ыстанбұлдағы жарылыс: күдікті қамауға алынды
Жаңалықтар
0