Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

© Sputnik / Владислав Воднев Ақорда ғимараты
 Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
"Ақорда" резиденциясында 3 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Сенім грамоталарын Америка Құрама Штаттарының елшісі Дэниэл Розенблюм, Сьерра-Леоне Республикасының елшісі Мұхамед Йонгаво және Молдова Республикасының елшісі Лилиан Дарий тапсырды.
Президент дипломаттарды Қазақстандағы ресми миссияларының басталуымен құттықтап, олар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен және қажырлы еңбегімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.
Шара соңында президент дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.
Жаңалықтар
0