Шымкенттегі тойда оқ атылды – екі автомат тәркіленді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков Архивтегі фото
 Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Шымкент қаласында болған тойда екі Калашников автоматы тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, полицияға үйлену тойларының бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі отшашу кезінде атыс қаруы қолданылатыны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына көрермендер және жай жүрген адамдар ретінде жедел қызметкерлер тобы жіберілді. Жедел ақпарат расталды. Түнгі сағат 00.00-де қаланың екі тұрғыны ауаға оқ ата бастады. Тәртіп сақшылары оларды бірден ұстады. Олардан нөмірлері жойылған АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматы тәркіленді.
Оқиға болған жерді қарау кезінде криминалистер жиырмаға жуық атылған оқтың гильзасын тапты. Қазіргі кезде қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
0