Шығыс Қазақстанда жүргізуші бір тәулік бойы қар құрсауында қалып қойды

© Photo : Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментіШығыс Қазақстанда жүргізуші бір тәулік бойы қар құрсауында қалып қойды
Шығыс Қазақстанда жүргізуші бір тәулік бойы қар құрсауында қалып қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында "Уаз" автокөлігімен жолға шыққан жүргізуші қалың қардың құрсауында қалып қойды. Құтқарушылар көлікті қардан қазып алып, жүргізушіні ажал тырнағынан арашалап қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Жүргізушінің достары дабыл қаққан. Олар өздері іздеп кетпей, бірден төтенше жағдай мамандарына хабарласқан. Өйткені ұялы телефон байланысы ұстамайтын жолда тәуекелге барғаннан гөрі құтқарушыларға хабарласқанды жөн көрген.
"Іздестіру жұмыстарына ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын "Трекол" техникасымен барды. Жоғалған ер адам Ұлан ауданының Қойтас ауылы мен Саратовка ауылы арасында омбы қарда қалып қойған көліктен табылды. Құтқарушылар көлікті қазып алып, жүргізушіні трассаға дейін жеткізіп салды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады", - дейді ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Жаңалықтар
0