https://sputnik.kz/20221114/shankhaydagy-kormede-qazaqstandyq-kompaniya-18-mln-dollarga-kelisimshartqa-otyrdy-29278529.html
Шанхайдағы көрмеде қазақстандық компания 18 млн долларға келісімшартқа отырды
Шанхайдағы көрмеде қазақстандық компания 18 млн долларға келісімшартқа отырды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 14 ҚАРАША – Sputnik. Қытайдың импорттық тауарлардың бесінші халықаралық көрмесінде қазақстандық түйе сүтін өндіретін "Golden Camel" кәсіпорны шанхайлық... 14.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-14T09:14+0500
2022-11-14T09:14+0500
2022-11-14T09:14+0500
шанхай
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1d/17477019_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_eeb9a82866f26d0efcdc74d7c3421d0a.jpg
АЛМАТЫ, 14 ҚАРАША – Sputnik. Қытайдың импорттық тауарлардың бесінші халықаралық көрмесінде қазақстандық түйе сүтін өндіретін "Golden Camel" кәсіпорны шанхайлық сауда компанияларымен жалпы сомасы 18 миллион долларға 2 келісімшарт жасасты. Бұл туралы орталық коммуникация қызметінің сайтында жарияланды.Қытай компаниялары Shandong huabai Trading Co., Ltd. және Shanghai Oriental TV Shopping Co., Ltd отандық түйе сүті өніміне қызығушылық танытты."Golden Camel Group Ltd" түйе сүтін өңдеп, дайын өнімді экспортқа жібереді. Қытай инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпорын Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытып келеді. 2018 жылы қуаттылығы тәулігіне 100 тонна шикізат түйе сүтін өңдейтін зауыт салды. Кептірілген түйе сүтінің алғашқы партиясы 2020 жылы Қытайға экспортталды.Сондай-ақ көрмеде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Қытайдың машина жасау және электронды өнімдердің импорты мен экспорты (CCCME) сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат өндірісті дамытуға және біздің елдеріміздің нарығына жоғары технологиялық өнімдерді жеткізуге ықпал етеді.Қытайдың Бесінші халықаралық импорттық тауарлар көрмесі (China International Import Expo (CIIE) – жыл сайын Шанхай қаласындағы National Exhibition and Convention Center көрме кешенінде өткізілетін ең ірі көп салалы іс-шара. 2022 жылы көрмеге 145 елдің компаниялары қатысады. Онда Қазақстаннан 25 кәсіпорын өз өнімін ұсынады.
шанхай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1d/17477019_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_fd3cfa024d9722a2f6146121d31539a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шанхай, қазақстан
АЛМАТЫ, 14 ҚАРАША – Sputnik. Қытайдың импорттық тауарлардың бесінші халықаралық көрмесінде қазақстандық түйе сүтін өндіретін "Golden Camel" кәсіпорны шанхайлық сауда компанияларымен жалпы сомасы 18 миллион долларға 2 келісімшарт жасасты. Бұл туралы орталық коммуникация қызметінің сайтында жарияланды.
Қытай компаниялары Shandong huabai Trading Co., Ltd. және Shanghai Oriental TV Shopping Co., Ltd отандық түйе сүті өніміне қызығушылық танытты.
"Golden Camel Group Ltd" түйе сүтін өңдеп, дайын өнімді экспортқа жібереді. Қытай инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпорын Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытып келеді. 2018 жылы қуаттылығы тәулігіне 100 тонна шикізат түйе сүтін өңдейтін зауыт салды. Кептірілген түйе сүтінің алғашқы партиясы 2020 жылы Қытайға экспортталды.
Сондай-ақ көрмеде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Қытайдың машина жасау және электронды өнімдердің импорты мен экспорты (CCCME) сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат өндірісті дамытуға және біздің елдеріміздің нарығына жоғары технологиялық өнімдерді жеткізуге ықпал етеді.
Қытайдың Бесінші халықаралық импорттық тауарлар көрмесі (China International Import Expo (CIIE) – жыл сайын Шанхай қаласындағы National Exhibition and Convention Center көрме кешенінде өткізілетін ең ірі көп салалы іс-шара. 2022 жылы көрмеге 145 елдің компаниялары қатысады. Онда Қазақстаннан 25 кәсіпорын өз өнімін ұсынады.