Қытайға баратын қазақстандықтар үшін талап өзгерді

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 ҚАРАША – Sputnik. Қытай Қазақстаннан келетін жолаушылар үшін талапты өзгертті, деп хабарлады Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің ресми сайты.
"Эпидемияны қадағалау мақсатында Қытай елшілігі мен Қазақстандағы бас консулдық "HS" немесе "HDC" денсаулық кодын алу талаптарын енгізеді", - делінген хабарламада.
Қытайға баратын жолаушылар ұшқанға дейін 48 сағат ішінде Қазақстанда ресми тіркелген зертханаларда ПТР сынақтан өтуге тиіс.
Қажетті құжаттарды және ПТР тестінің нәтижесін бірге жүктеп, содан кейін денсаулық кодына тапсырыс беру керек.
"Қытайдың Қазақстандағы елшілігі немесе бас консулдығы өтінішті өңдегеннен кейін жолаушыға "денсаулықтың жасыл коды" беріледі. Ұшуға тіркелу кезінде мобильді қосымша арқылы ашылған "денсаулық жасыл кодын" авиакомпания қызметкеріне көрсетіп, оны тексертесіз", - делінген елшілік хабарламасында.
Қазақстаннан ұшып шыққан және үшінші ел арқылы транзитпен өтетін жолаушылар немесе үшінші елден шығып, Қазақстан арқылы Қытайға транзитпен өтетін жолаушылар ПТР-сынамадан өтіп, "жасыл кодты" алу үшін кез келген транзиттік немесе жөнелту пункттеріне өтініш бере алады. Жолаушылар "денсаулық кодының" жарамды немесе жарамсыз екенін Қытайға ұшпай тұрып тексеріп алуы керек.
Жаңалықтар
0