https://sputnik.kz/20221114/qazaqstan-ukrainada-saylau-uchaskesin-ashqan-zhoq-29304518.html
Қазақстан Украинада сайлау учаскесін ашқан жоқ
Қазақстан Украинада сайлау учаскесін ашқан жоқ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Украинада жүрген қазақстандықтар 20 қараша күні көрші елге барып дауыс бере алады. Өйткені Украинада сайлау учаскесі ашылған жоқ... 14.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-14T15:47+0500
2022-11-14T15:47+0500
2022-11-14T15:48+0500
президент сайлауы - 2022
қазақстан
украина
сайлау
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0a/28342705_0:489:2033:1633_1920x0_80_0_0_7eeea096866494a00d574ffe09ae200f.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Украинада жүрген қазақстандықтар 20 қараша күні көрші елге барып дауыс бере алады. Өйткені Украинада сайлау учаскесі ашылған жоқ. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Еске салсақ, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Сайлауға алты кандидат түседі: Айта кетері, Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, мемлекет басшысы жеті жылға және тек бір мерзімге сайланады. Орталық сайлау комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, сайлауда 11 миллион 950 мың 485 адам дауыс бере алады.Резерв есебімен 12 миллион данадан астам дауыс беру бюллетені басып шығарылды. Биыл алғаш рет президент сайлауының бюллетеніне "Бәріне қарсымын" тармағы қосылып отыр.
қазақстан
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0a/28342705_0:224:2033:1749_1920x0_80_0_0_bd755fb0b93efa36fb87ceec6d87af57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, украина, сайлау
қазақстан, украина, сайлау
Қазақстан Украинада сайлау учаскесін ашқан жоқ
15:47 14.11.2022 (жаңартылды: 15:48 14.11.2022) АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Украинада жүрген қазақстандықтар 20 қараша күні көрші елге барып дауыс бере алады. Өйткені Украинада сайлау учаскесі ашылған жоқ. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Украинадағы жағдайға байланысты біз осы жолы сайлау учаскесін ашқан жоқпыз. Егер азаматтар қаласа, көрші елге – Молдова, Польшаға барып дауыс бере алады. Бірақ олар сол жаққа баратынын елшілікке күні бұрын ескертуі керек. Себебі бюллетеньдер жетпей қалуы мүмкін, алдын ала дайындап қою қажет", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Еске салсақ, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Сайлауға алты кандидат түседі:
1.
Қасым-Жомарт Тоқаев (Халықтық коалиция атынан);
2.
Мейрам Қажыкен ( "Аманат" республикалық кәсіподақтар бірлестігі);
3.
Жигули Дайрабаев ("Ауыл" партиясы);
4.
Қарақат Әбден ("Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі);
5.
Салтанат Тұрсынбекова ("Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі);
6.
Нұрлан Әуесбаев (Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы).
Айта кетері, Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, мемлекет басшысы жеті жылға және тек бір мерзімге сайланады. Орталық сайлау комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, сайлауда 11 миллион 950 мың 485 адам дауыс бере алады.
Резерв есебімен 12 миллион данадан астам дауыс беру бюллетені басып шығарылды. Биыл алғаш рет президент сайлауының бюллетеніне "Бәріне қарсымын" тармағы қосылып отыр.