Қазақстан мен Түркия тұқым шаруашылығын бірлесіп дамытады

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуАуыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 ҚАРАША – Sputnik. Қазақстан мен Түркия тұқым шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұдан бөлек тараптар тұқым шаруашылығында зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізеді. Сондай-ақ қазақстандық мамандар мен шаруалар Түрік Республикасында заманауи технологияларды оқитын болады.
Айта кетері, Түркия қазақстандық тұқым өндірушілермен келіссөз жүргізу үшін құрамында 41 түрік компаниясының өкілі бар делегация келді.
Жұмыс сапары аясында түрік делегациясы Шымкенттегі жеміс -жидек өсіретін "Александр бағына" барды. Кәсіпорынның 15 гектар жеріне Түркиядан әкелінген "голден делишес", "джероми", "фуджи", "гала", "грени смит" алма ағашының көшеті отырғызылды.
Жаңалықтар
0