Қарағандыдағы оқиға: полиция ветеринарларға бірнеше рет хат жолдағанын мәлімдеді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қарағанды облыстық полиция қаңғыған иттер талаған ер адамға қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға полицияда тіркелді. Қазіргі кезде қажетті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
"Қарағанды қаласының ветеринарлық қызметіне осы ауданда қаңғыған итттерді ұстау бойынша бірнеше рет хат жіберілген болатын", - дейді тәртіп сақшылары.
Еске сала кетейік, Қарағандыда қабаған иттер жігіттің бетінен қауып алған. Қарағандылықтар қала билігінен бұл мәселені тездетіп шешуді сұрап отыр. Жуырда балалар алаңына кіріп кеткен иттер жеткіншектерді де талап тастай жаздапты.
Жаңалықтар
0