Қант диабетімен ауыратындар саны соңғы 10 жылда екі есе өсті

© Photo : pixabay/stevepbИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 ҚАРАША – Sputnik. 14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Қазақстанда қант диабетімен ауыратындар саны соңғы 10 жылда екі есе өсті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
2030 жылға қарай 800 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады деп болжанып отыр. Мамандар бұл проблеманы дереу шешпесек, шығын күрт артады деп дабыл қақты. Жалпы, әлемде қант диабетімен ауыратын 400 миллионнан астам адам бар. Қазақстанда қант диабетімен ауыратын науқастар саны 400 мыңнан асады. Оның барлығы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
Соңғы 10 жылда әлем бойынша қант диабеті 2,5 есеге, ал Қазақстанда 2 есеге артқан. Қазақстан Республикасында 2011 жылдан бастап 0-18 жастағы балаларға арналған тегін помпалық инсулин терапиясы бағдарламасы сәтті жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бағдарламада 1 118 бала мемлекеттік қаражат есебінен көмек алады. Қант диабеті – Қазақстандағы ең қымбат әлеуметтік маңызы бар аурулардың бірі. 2021-2022 жылдары бұл дертпен ауырғандарды емдеу үшін 29,3 млрд теңге жұмсалған, бұл сома алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 36%-ға артық.
"Қант диабетін емдеуге арналған денсаулық сақтау жүйесінің шығыны үлкен. Егер жақын арада қант диабеті проблемасын шешпесек, болашақта бұл шығындар артады", - делінген денсаулық министрлігінің хабарламасында.
Жаңалықтар
0