Дарынды балаларды қолдауға арналған жаңа жоба жарияланды

© Photo : Мәдениет және спорт министрлігі "Арман асулары" атты әлеуметтік пилоттық жобаны қолға алынды
Арман асулары атты әлеуметтік пилоттық жобаны қолға алынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 ҚАРАША – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі "Арман асулары" атты әлеуметтік пилоттық жобаны қолға алды.
Жобаның басты мақсаты – Қазақстанның барлық өңірінен ерекше білім беру қажеттілігі бар дарынды балаларға қолдау көрсету, шығармашылық бағытта дамыту. Осыған орай Астанада республикалық фестиваль өтті. Фестивальге 150-ден астам ерекше қажеттілігі бар дарынды балалар қатысты, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.
Жоба балалар жылы аясында жүзеге асырылды.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев гала концертке қатысқан балаларды құттықтап, инклюзивті білім беру мен қоғамды дамытуда мұндай жобаның маңызы зор екенін атап өтті.
"Өнер – адамның жанын ғана емдемейді, оның тәніне де тірек болады. Балалардың талантын ашуда мұндай алаңдар қашанда қажет. Сондықтан осы жобаны жүзеге асыруға атсалысқан азаматтардың барлығына алғыс айтамын. Сіздер балаларды бақытты, ал қоғамды мейірімді етуге үлес қосып отырсыздар", - деді Дәурен Абаев.
Гала-концертте талантты балалар танымал жұлдыздармен бірге өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар мұны фестиваль ерекшелігінің бірі ретінде атап өтті.
Жаңалықтар
0