https://sputnik.kz/20221114/bank-kartasyn-basqa-bireuge-bergen-adamdar-zhazalanady--ministrlik-29284594.html
Банк картасын басқа біреуге берген адамдар жазаланады – министрлік
Банк картасын басқа біреуге берген адамдар жазаланады – министрлік
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі банк картасын басқа біреуге пайдалануға бергені үшін жауапкершілік енгізуді көздеп отыр. Себебі интернет... 14.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-14T11:58+0500
2022-11-14T11:58+0500
2022-11-14T11:58+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/1202/50/12025034_0:0:3639:2047_1920x0_80_0_0_b156a0f96e996372629357c7653ba8e8.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі банк картасын басқа біреуге пайдалануға бергені үшін жауапкершілік енгізуді көздеп отыр. Себебі интернет алаяқтарға ақы үшін көмектесетін адамдар көбейген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаевтың айтуынша, алаяқтар картаға түскен соманың 3-10 процентін қалдырады. Сол үшін адамның картасын ғана емес, онлайн-банкингін де пайдаланады. Оған алданған халықтың ақшасы аударылады."Қазіргі кезде әлеуметтік желіде ондай жарнамалар көп. Алдымен жеке карта мен мобильді нөмірді тіркеу керек, басқа адамдарды да тартуға болады. Кей кезде алаяқтар телефонда банкинг орнатуды немесе картаны басқа біреуге беруді сұрайды. Артынан дәл сол карталар мен абоненттік нөмірлерді ақшаны шығару үшін қолданады", - деді Дүйсетаев.Карта иесінде қалса, оған түскен ақшаны криптовалюталық биржалар немесе халықаралық аударымдар жүйесі арқылы басқа адамға жіберу керек. Алаяқтар осы қызмет үшін ақысын қалдырады.Қазіргі кезде ішкі істер министрлігі құзіретті мемлекеттік органдармен бірге банк картасын қолдануға қатысты жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтап жатыр."Соның ішінде банктің пластикалық карталарын басқа біреуге пайдалануға бергені үшін жаза қарастырылған", - деді маман.Айта кетері, жыл басынан бері республика бойынша 17,5 мың қылмыс тіркелді. Қазақстандықтар 15 миллиард теңгеден қағылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1202/50/12025034_178:0:2907:2047_1920x0_80_0_0_b7f005d36370aaef8495683d24907d65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі банк картасын басқа біреуге пайдалануға бергені үшін жауапкершілік енгізуді көздеп отыр. Себебі интернет алаяқтарға ақы үшін көмектесетін адамдар көбейген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаевтың айтуынша, алаяқтар картаға түскен соманың 3-10 процентін қалдырады. Сол үшін адамның картасын ғана емес, онлайн-банкингін де пайдаланады. Оған алданған халықтың ақшасы аударылады.
"Қазіргі кезде әлеуметтік желіде ондай жарнамалар көп. Алдымен жеке карта мен мобильді нөмірді тіркеу керек, басқа адамдарды да тартуға болады. Кей кезде алаяқтар телефонда банкинг орнатуды немесе картаны басқа біреуге беруді сұрайды. Артынан дәл сол карталар мен абоненттік нөмірлерді ақшаны шығару үшін қолданады", - деді Дүйсетаев.
Карта иесінде қалса, оған түскен ақшаны криптовалюталық биржалар немесе халықаралық аударымдар жүйесі арқылы басқа адамға жіберу керек. Алаяқтар осы қызмет үшін ақысын қалдырады.
"Осылайша азаматтар алаяқтық схемаларға тартылады және қылмысқа қатысушы болып саналады. Қазіргі кезде Қазақстан азаматтары да, шетелдіктер де ұсталып жатыр. Барлығы жеңіл ақша табамын деп, алаяқтарға көмектескен", - деп атап өтті Дүйсетаев.
Қазіргі кезде ішкі істер министрлігі құзіретті мемлекеттік органдармен бірге банк картасын қолдануға қатысты жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтап жатыр.
"Соның ішінде банктің пластикалық карталарын басқа біреуге пайдалануға бергені үшін жаза қарастырылған", - деді маман.
Айта кетері, жыл басынан бері республика бойынша 17,5 мың қылмыс тіркелді. Қазақстандықтар 15 миллиард теңгеден қағылған.