https://sputnik.kz/20221114/balyq-sharuashylygyn-oqygan-zhastar-osy-salada-zhumys-isteuge-mindettelui-mumkin-29281476.html
"Балық шаруашылығын" оқыған жастар осы салада жұмыс істеуге міндеттелуі мүмкін
"Балық шаруашылығын" оқыған жастар осы салада жұмыс істеуге міндеттелуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "балық шаруашылығы" мамандығында оқыған азаматтарды осы... 14.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-14T10:50+0500
2022-11-14T10:50+0500
2022-11-14T10:50+0500
балық шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/03/28996827_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_42ec1122182f716e9df58db296dde68e.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "балық шаруашылығы" мамандығында оқыған азаматтарды осы салада үш жыл жұмыс істеуге міндеттеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, балық шаруашылығы саласында білікті кадрлар жетіспейді."Осы мәселені шешу үшін "балық шаруашылығы" мамандығы бойынша оқыған азаматтарды әлеуметтік жеңілдіктер бере отырып, осы салада кемінде үш жыл жұмыс істеу міндетін көздеу қажет", - деді Брекешев мәжілісте өткен үкімет сағатында.Ол жас мамандарды тарту үшін мемлекеттік қолдау субсидиясын алатын бизнес субъектілерді қызметкерлердің жалақысын көтеруге міндеттеу қажет екенін атап өтті.Сондай-ақ балық өнімдерін сату мәселесін заңнамалық деңгейде шешу үшін білім, денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік ұйымдарды, ішкі істер, қарулы күштер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарын балықты тамақтану рационына енгізуге және балық өнімдерінің кепілдік берілген көлемін отандық өндірушілерден сатып алуға міндеттеу ұсынылып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/03/28996827_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_55e69966cea142d767a2ce586d2d3bfc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балық шаруашылығы
"Балық шаруашылығын" оқыған жастар осы салада жұмыс істеуге міндеттелуі мүмкін
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "балық шаруашылығы" мамандығында оқыған азаматтарды осы салада үш жыл жұмыс істеуге міндеттеуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, балық шаруашылығы саласында білікті кадрлар жетіспейді.
"Осы мәселені шешу үшін "балық шаруашылығы" мамандығы бойынша оқыған азаматтарды әлеуметтік жеңілдіктер бере отырып, осы салада кемінде үш жыл жұмыс істеу міндетін көздеу қажет", - деді Брекешев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Ол жас мамандарды тарту үшін мемлекеттік қолдау субсидиясын алатын бизнес субъектілерді қызметкерлердің жалақысын көтеруге міндеттеу қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ балық өнімдерін сату мәселесін заңнамалық деңгейде шешу үшін білім, денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік ұйымдарды, ішкі істер, қарулы күштер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарын балықты тамақтану рационына енгізуге және балық өнімдерінің кепілдік берілген көлемін отандық өндірушілерден сатып алуға міндеттеу ұсынылып отыр.