https://sputnik.kz/20221114/balyq-brakonerlerine-salynatyn-ayyppuldy-25-ese-kobeytu-usynyldy-29281040.html
Балық браконьерлеріне салынатын айыппұлды 2,5 есе көбейту ұсынылды
Балық браконьерлеріне салынатын айыппұлды 2,5 есе көбейту ұсынылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев заңсыз балық аулағаны үшін салынатын айыппұлды 50 АЕК-ке... 14.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-14T10:23+0500
2022-11-14T10:23+0500
2022-11-14T10:23+0500
браконьер
https://sputnik.kz/img/07e4/09/13/15004224_0:0:2361:1328_1920x0_80_0_0_93d68941f301471e86665459237bad65.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев заңсыз балық аулағаны үшін салынатын айыппұлды 50 АЕК-ке дейін ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Экология министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, балық шаруашылығында қабылданып жатқан шаралар қазіргі проблемаларды шешу үшін жеткіліксіз. Көптеген түйткіл шұғыл шешімдерді талап етеді. Соның бірі заңсыз балық аулау фактілері, яғни браконьерлік.Заң жобасы мәжіліске 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында енгізіледі.Сондай-ақ балық өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуатын толтыру үшін балықты салқындатылған және мұздатылған түрде экспорттауға тыйым салу мәселесі қаралып жатыр.Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, балық аулау флотының кемелері мұнай танкерлері мен құрғақ жүктердің тарифтерімен бірдей. Портқа бір рет кіру – шамамен 500 мың теңге."Егер килька өнімдерінің төмен бағасын ескерсек, бұл қымбат. Сондықтан Каспийдің теңіз балық түрлерін (килька, майшабақ, кефаль) игеру үшін заңнамалық деңгейде теңіз флотын жеңілдікпен кредиттеу немесе лизинг жолымен сатып алу мәселесін шешу қажет. Сондай-ақ порт қызметтеріне тарифтерді төмендету мәселесін пысықтау керек", - деді Брекешев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/13/15004224_295:0:2066:1328_1920x0_80_0_0_5f9460ecafaf89a10c6fa289e0b96b82.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
браконьер
Балық браконьерлеріне салынатын айыппұлды 2,5 есе көбейту ұсынылды
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев заңсыз балық аулағаны үшін салынатын айыппұлды 50 АЕК-ке дейін ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Экология министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, балық шаруашылығында қабылданып жатқан шаралар қазіргі проблемаларды шешу үшін жеткіліксіз. Көптеген түйткіл шұғыл шешімдерді талап етеді. Соның бірі заңсыз балық аулау фактілері, яғни браконьерлік.
"Браконьерлікті төмендету мақсатында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің әзірленіп жатқан жобасы аясында жауапкершілікті күшейтуді ұсынамыз. Ол айыппұлды 20 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін ұлғайту және бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу", - деді Брекешев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Заң жобасы мәжіліске 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында енгізіледі.
Сондай-ақ балық өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуатын толтыру үшін балықты салқындатылған және мұздатылған түрде экспорттауға тыйым салу мәселесі қаралып жатыр.
Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, балық аулау флотының кемелері мұнай танкерлері мен құрғақ жүктердің тарифтерімен бірдей. Портқа бір рет кіру – шамамен 500 мың теңге.
"Егер килька өнімдерінің төмен бағасын ескерсек, бұл қымбат. Сондықтан Каспийдің теңіз балық түрлерін (килька, майшабақ, кефаль) игеру үшін заңнамалық деңгейде теңіз флотын жеңілдікпен кредиттеу немесе лизинг жолымен сатып алу мәселесін шешу қажет. Сондай-ақ порт қызметтеріне тарифтерді төмендету мәселесін пысықтау керек", - деді Брекешев.