Ақтөбе облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды

© Photo : Rico_LoebАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан 51 жастағы жолаушы қаза болды, деп хабарлады Polisia.kz.
12 қарашада Шұбарқұдық – Ойыл автожолында ВАЗ-2110 автокөлігі аударылып кеткен. 32 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалғаны анықталды.
Жол апаты салдарынан 51 жастағы жолаушы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды, екінші жолаушы – 29 жастағы әйел Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Өңірлер
Алматыдағы жол апаты: қайтыс болған жолаушының анасы сұхбат берді
Жаңалықтар
0