Өңірлер

Полицейлер 5-қабаттан секірмек болған Ақсу тұрғынын құтқарды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуБалкон
Балкон - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik.Павлодар облысының полицейлері 5-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қараша сағат 12.50-де Б.Момышұлы көшесіндегі 23-ші үйдің 5-қабатындағы балконнан ер адам секірмек болғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция взводының инспекторлары Рүстем Жұмабеков және Уаис Ибраев жіберілген.
"Біз ойланбастан біз кіреберіске жүгірдік, 5 қабатқа көтерілдік, бірақ пәтердің есігі ішінен жабулы болды. Мен көршілердің есігіне қоңырау шалып, не болып жатқанын түсіндірдім, олар бізді ішке кіргізіп, балконға апарды. Уаис онымен сөйлесіп жатқанда, мен көршінің балконынан өтіп, ер адамды ұстап алдым", - деді Рүстем Жұмабеков.
Полиция басшылығы патрульдік полиция взводы инспекторларының әрекеті туралы әлеуметтік желілерден білген.
Полиция қызметкері Рүстем Жұмабеков ішкі істер органдарында 2021 жылдың қараша айынан, ал Уаис Ибраев 2013 жылдан бастап қызмет етеді.
Жаңалықтар
0