Ақмола облысының кәсіпкерлерінен ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Полиция Ақмола облысының кәсіпкерлерінен ақша бопсалаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлады Polisia.kz.
Арнайы операция нәтижесінде ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері 26-дан 32 жасқа дейінгі 6 адамды ұстады.
Ұсталғандар жергілікті кәсіпкерлердің бірінен қоқан-лоққы көрсетіп, күш қолдану арқылы 2,5 млн теңге бопсалап, оның Subaru Outback автокөлігін тартып алғаны анықталды.
Олардың облыс аумағында осыған ұқсас бірқатар қылмысқа қатысы бар екені анықталды.
Жедел ақпарат бойынша бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілер "ұрылар идеологиясын" ұстанып, оны жастар арасында насихаттаған. Сондай-ақ топ мүшелері қару қолданып, ақша бопсалаған. Мұнда олар талап қою үшін жалған сылтауларды қолданған.
Тінту барысында олардан жәбірленушілерді қорқыту үшін қолданылған есірткі, суық және атыс қаруы тәркіленді. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жаңалықтар
0