Алматыда "Бастау" халықаралық кинофестивалі өтеді

© PhotoАлматыда "Бастау" кинофестивалі оныншы рет өтеді
Алматыда Бастау кинофестивалі оныншы рет өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 ҚАРАША – Sputnik. Алматыда 29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында "Бастау" халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі оныншы рет өтеді, деп хабарлайды ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы.
Фестивальдің мақсаты – әлем елдерінің жас кинематографистері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, олардың жұмысын қолдау.
"Бастау" жас режиссерлер мен сценаристерге өз жобаларын жүзеге асыру үшін бірегей алаң ұсынады. Бұл шара он жыл бойы үзіліссіз жұмыс істеп келеді.
"Біз үшін басты идея, негізгі тұжырымдама мынандай болды: біз бәріміз - ұйымдастырушылар, басшылар - ең жоғары кәсіби мағынадағы қызмет көрсетуші персонал болуымыз керек. Біз осы оқиғаның басты кейіпкерлері – авторлар, режиссерлер, операторлар, драматургтер, жас актерлер айналасында құрылған инфрақұрылымды жасаймыз. Мұның бәрі олар үшін. Біз оларға осыны сезіндіруіміз керек", - дейді фестиваль президенті Сергей Әзімов.
Биыл фестиваль режиссер Яна Скопинаның "Скоро кончится лето" атты фильмінің қазақстандық премьерасымен ашылады. Бұл оның толықметражды дебюті. Яна - "Бастау" түлегі, оның "Ты что-то прячешь в кулаке" атты қысқаметражды алғашқы фильмі "Бастау" V ХКФ-да үздік деп танылған.
Фестивальдің ашылуы 29 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Ал жабылуы - Chaplin Cinemas кинотеатрында болады.
Жаңалықтар
0