https://sputnik.kz/20221114/abay-oblysynda-quramynda-altyn-bar-kendi-zansyz-ondirgen-29275992.html
Абай облысында құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірген
Абай облысында құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Абай облысында құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірген қылмыстық топ ұсталды, олардың арасында шетелдіктер де бар, деп хабарлады... 14.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-14T07:29+0500
2022-11-14T07:29+0500
2022-11-14T07:29+0500
алтын өндіру
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0e/29275838_0:220:820:681_1920x0_80_0_0_2978f5daf8520a5203108e08d95b047b.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Абай облысында құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірген қылмыстық топ ұсталды, олардың арасында шетелдіктер де бар, деп хабарлады Polisia.kz.ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Абай облысы Жарма ауданындағы "Еділбай" учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.Бұл факт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех таратылды. 13 "алтын іздеуші" ұсталды, оның ішінде 7-уі шетелдік. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, сондай-ақ 2 килограмнан астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, сондай-ақ өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленді.Құрамында алтын бар материалды өндіру және қайта өңдеу бойынша "іздеушілер бригадасын" жинаған, заңсыз цехтардың иесі болып табылатын жергілікті тұрғын, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы анықталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0e/29275838_0:143:820:758_1920x0_80_0_0_a090d7ae2d8fdff753f0b49ea01b6c08.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтын өндіру
Абай облысында құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірген
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Абай облысында құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірген қылмыстық топ ұсталды, олардың арасында шетелдіктер де бар, деп хабарлады
Polisia.kz. ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Абай облысы Жарма ауданындағы "Еділбай" учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.
Бұл факт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех таратылды. 13 "алтын іздеуші" ұсталды, оның ішінде 7-уі шетелдік. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, сондай-ақ 2 килограмнан астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, сондай-ақ өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленді.
Құрамында алтын бар материалды өндіру және қайта өңдеу бойынша "іздеушілер бригадасын" жинаған, заңсыз цехтардың иесі болып табылатын жергілікті тұрғын, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы анықталды.