https://sputnik.kz/20221113/qatygezdik-korsetkender-qylmystyq-zhauap-zan-zhobasy-29273249.html
Балалар мен қарттарға қатыгездік көрсеткендер қылмыстық жауапқа тартылады – заң жобасы
Балалар мен қарттарға қатыгездік көрсеткендер қылмыстық жауапқа тартылады – заң жобасы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісіне адам құқықтарын қорғайтын заң жобасы келіп түсті. Құжатта "азаптау" ұғымы нақтыланып, жаза мерзімі... 13.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-13T18:16+0500
2022-11-13T18:16+0500
2022-11-13T18:16+0500
қоғам
қатыгездік
заң
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/16/18960282_58:0:1500:811_1920x0_80_0_0_c16642ae424e2ba42e62b8858bb18398.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісіне адам құқықтарын қорғайтын заң жобасы келіп түсті. Құжатта "азаптау" ұғымы нақтыланып, жаза мерзімі ұлғайтылған, сонымен қатар заңнамаға алғаш рет "қатыгездік" ұғымы енгізілді. Бұдан бөлек, сырқаты ауыр сотталғандарға жазасын кейін өтеу құқығы берілмек.Ішкі істер министрлігі үш кодекс пен бір заңға барлығы 28 түзету енгізуді көздеп отыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.Қатыгез қызметкерлер жазаланадыАзаптаулар мен қатыгездіктің аражігін ажырату үшін Қылмыстық кодекстің 146-бабы "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын әрекет, азаптаулар" деп өзгертіледі. Яғни заңнамаға алғаш рет "қатыгездік" ұғымы енгізіліп отыр. Осы бапқа сәйкес, енді қылмыстық жауапкершілік тергеуші сияқты лауазымды адамдарға ғана емес, сонымен қатар емдеу, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне де қолданылады. Мәселен, балалар үйіндегі немесе интернаттағы балаларға, қарттар үйіндегі қарияларға қатыгездік көрсетіп, қинаған қызметкерлер заң бойынша жауапқа тартылады.Конституцияның 17-бабына сәйкес ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Алайда бұл ұғым қолданыстағы заңнамада бекітілмеген.Сонымен бірге, мұндай әрекет адамдардың, соның ішінде сот әрекетке қабілетсіз деп таныған (психологиялық ауруы бар, психикасы бұзылған, ақыл-есі кем), дәрменсіз азаматтардың конституциялық құқығын бұзу деп саналады және оны жасағаны үшін тиісті қылмыстық жауапкершілік белгіленуі шарт. Осыған байланысты қылмыстың жаңа құрамы – "қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер" енгізіліп отыр. Бұл бап бойынша 2 мың АЕК-ке дейін (6 млн теңгеден астам) айыппұл, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Сондай-ақ заң жобасында "азаптаулар" ұғымы нақтыланған.146-баптың 1-1 тармағына сәйкес, азаптау дегеніміз – лауазымды адамның немесе ресми түрде әрекет ететін адамның (балабақша тәрбиешісі, педагог немесе қарттар үйінің қызметкері) мәлiмет алу немесе мойындату, оны қорқыту немесе мәжбүрлеу арқылы азапталушыға қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектіруі.Бұл үшін Қылмыстық кодексте жаза мерзімін бес жылдан алты жылға дейін ұлғайту көзделіп отыр.Бас прокуратураның мәліметінше, 2017 жыл мен 2021 жылдың 8 айы ішінде Қазақстанда азаптаулар туралы 3029 хабарлама тіркелген. Соның ішінде 1,8%-і немесе 56-сы ғана өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды. Ал 98,2%-і немесе 2968 іс ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылды.Айта кетері, бұл ретте лауазымды адамдардың және ресми түрде әрекет ететін адамдардың заңды әрекеті кезінде келтірілген тән зардабы және психикалық зардабы "азаптау және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас" деп танылмайды.Сырқаты ауыр сотталғандар жазасын кейін өтей аладыЗаң жобасындағы тағы бір жаңашылдық – жазаны өтеуді кейінге қалдыру. Бұл норма сырқаты ауыр азаматтарға қатысты қолданылады.Қолданыстағы заң бойынша сот колонияда жазасын өтеп жатқан адамды жазаны өтеуден босата алады немесе оған жеңіл жаза беруге құқылы. Ал ұсынылып отырған өзгеріс сырқаты ауыр сотталғанға жазасын кейін өтеу мүмкіндігін беруді көздейді.Жазаны кейінге қалдырудың нақты мерзімі жоқ. Яғни сотталушы толық емделгенге дейін бостандықта болады.Сотталған адамды жазаны өтеуден босатуға негіз болатын аурулар тізімі 2014 жылы ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілді.Егер түрмедегі адам осы тізімдегі аурумен ауырса, ең алдымен, сол колонияда дәрігерлік-квалификациялық комиссия құрылады. Комиссияның қорытындысы арнайы медициналық комиссияға жолданады. Оның құрамына азаматтық мекемелердің дәрігерлері, психикалық денсаулық орталықтарының қызметкерлері, кем дегенде бес немесе жеті медицина қызметкері кіреді. Олар әлгі адамды түрмеде емдеуге бола ма, жоқ па, соны анықтайды. Егер ауруы емделмейтін болса, ол мамандандырылған медициналық мекемеге жіберіледі.Бұған қоса, заң жобасында ауыр сырқатқа байланысты босату туралы сот қаулыларын дереу орындау туралы норма көзделген. Яғни сотталған науқастар сот залынан босатылады.ІІМ мәліметінше, 2015 жылдан бастап 2022 жылға дейін сырқаты ауыр 441 сотталғанның 75-і немесе 18%-і сот шешім қабылдағанға дейін, ал 31-і немесе 9%-і үкім заңды күшіне енгенге дейін қайтыс болған.Кімдердің жазасы кейінге қалдырылмайдыЖазаны кейінге қалдыру нормасы мына қылмыскерлерге қолданылмайды:Жазасын өтеуден босатылған не ауруына байланысты жазасы кейінге қалдырылған адамдар қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бақылауында болады.Сотталған ананың баласымен болу мерзімі ұзартыладыҚылмыстық-атқару кодексіне сотталған әйелдерге кішкентай баласымен ұзағырақ бірге болуға мүмкіндік беретін норма енгізіледі.Дәлірек айтқанда, сотталған әйелдердің жаза мерзімі аяқталуына бір жылдан аспайтын уақыт қалса, үш жасқа толған баласымен бірге болу мерзімі тағы бір жылға ұзартылады. Ол үшін сотталған ана түрменің әкімшілігіне өтініш жазуға тиіс.Қазіргі нормаға сәйкес, сотталған аналар үш жасқа толмаған баласын колониядағы балалар үйіне орналастырады. Әйелдерге жұмыстан бос уақытта сәбиімен бірге болуға және бірге тұруға рұқсат етіледі. Алайда үш жасқа толғаннан кейін ана мен баланың жолдары екіге айырылады. Сол себепті ішкі істер министрлігі ананың баламен әлеуметтік байланысын сақтауға, сондай-ақ баланың күйзелісін азайтуға бағытталған норма ұсынып отыр.Яғни сотталған әйелдер бір жыл ішінде босатылатын болса, баланы пенитенциарлық балалар үйінде 4 жасқа дейін қалдыруға рұқсат етіледі.ІІМ мәліметінше, бүгінде 33 сотталған әйелдің ішінде баласын 4 жасқа дейін қалдыру құқығына: 2023 жылы – 11; 2024 жылы – 4; 2025 жылы – 7 ана ие болады.Бұрын сотталғандар бірінші рет сотталғандардан бөлек отырадыЗаң жобасына сәйкес, төтенше қауіпсіз мекемелерді тарату жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде алғаш рет бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендер бұрын сотталғандардан бөлек отырады. Бұл ретте бұрын сотталғандар ерекше режимдегі қауіпсіздігі барынша жоғары колонияларда жазасын өтейді.Бұл тәсіл бірінші рет сотталғандар арасында тәрбиелік ықпал ету шараларын неғұрлым тиімді қолдануға мүмкіндік береді, сондай-ақ кейбір сотталғандардың түрмеге алғаш түскендерге қысым жасауына жол бермейді.Бүгінде республикада бұрын сотта, құқық қорғау немесе арнайы органдарда жұмыс істеген сотталғандар жазасын өтейтін екі колония бар.Біріншісі – Семейдегі қауіпсіздігі барынша жоғары ОВ-156/14 мекемесі. Колония 730 сотталушыға арналған, қазір онда 361 адам жазасын өтеп жүр.Екіншісі – Өскемендегі ОВ-156/20 орташа қауіпсіз мекемесі. Лимит – 520, сотталғандар саны – 309.Аталған екі колонияда тек 40 адам ғана бұрын бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген. Заң жобасын әзірлеушілер сотталғандар санының аздығына байланысты ОВ-156/20 мекемесін мемлекеттік бюджеттен ұстау орынсыз деп санайды. Ұсынылған норма "бұрынғы қызметкерлерді" бір мекемеде ұстауға және босаған колонияны басқа санаттағы тұтқындар үшін пайдалануға мүмкіндік береді.Төтенше қауіпсіз мекемесінің таратылуына байланысты өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар, сондай-ақ өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылғандар толық қауіпсіз мекемеде ұсталады. Сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға арналған төтенше қауіпсіз мекемесі (Жітіқара қаласынан 30 шақырым жерде) толық қауіпсіз мекеме болып қайта аталады. Қазіргі уақытта бұл мекемені ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы күзетеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/16/18960282_419:0:1500:811_1920x0_80_0_0_5f7655157f9e7f813ff46dee99ae5bf1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
қатыгездік, заң
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісіне адам құқықтарын қорғайтын заң жобасы келіп түсті. Құжатта "азаптау" ұғымы нақтыланып, жаза мерзімі ұлғайтылған, сонымен қатар заңнамаға алғаш рет "қатыгездік" ұғымы енгізілді. Бұдан бөлек, сырқаты ауыр сотталғандарға жазасын кейін өтеу құқығы берілмек.
Ішкі істер министрлігі үш кодекс пен бір заңға барлығы 28 түзету енгізуді көздеп отыр. Толығырақ
Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Қатыгез қызметкерлер жазаланады
Азаптаулар мен қатыгездіктің аражігін ажырату үшін Қылмыстық кодекстің 146-бабы "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын әрекет, азаптаулар" деп өзгертіледі. Яғни заңнамаға алғаш рет "қатыгездік" ұғымы енгізіліп отыр. Осы бапқа сәйкес, енді қылмыстық жауапкершілік тергеуші сияқты лауазымды адамдарға ғана емес, сонымен қатар емдеу, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне де қолданылады. Мәселен, балалар үйіндегі немесе интернаттағы балаларға, қарттар үйіндегі қарияларға қатыгездік көрсетіп, қинаған қызметкерлер заң бойынша жауапқа тартылады.
Конституцияның 17-бабына сәйкес ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Алайда бұл ұғым қолданыстағы заңнамада бекітілмеген.
Сонымен бірге, мұндай әрекет адамдардың, соның ішінде сот әрекетке қабілетсіз деп таныған (психологиялық ауруы бар, психикасы бұзылған, ақыл-есі кем), дәрменсіз азаматтардың конституциялық құқығын бұзу деп саналады және оны жасағаны үшін тиісті қылмыстық жауапкершілік белгіленуі шарт.
Осыған байланысты қылмыстың жаңа құрамы – "қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер" енгізіліп отыр. Бұл бап бойынша 2 мың АЕК-ке дейін (6 млн теңгеден астам) айыппұл, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сондай-ақ заң жобасында "азаптаулар" ұғымы нақтыланған.
146-баптың 1-1 тармағына сәйкес, азаптау дегеніміз – лауазымды адамның немесе ресми түрде әрекет ететін адамның (балабақша тәрбиешісі, педагог немесе қарттар үйінің қызметкері) мәлiмет алу немесе мойындату, оны қорқыту немесе мәжбүрлеу арқылы азапталушыға қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектіруі.
Бұл үшін Қылмыстық кодексте жаза мерзімін бес жылдан алты жылға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2017 жыл мен 2021 жылдың 8 айы ішінде Қазақстанда азаптаулар туралы 3029 хабарлама тіркелген. Соның ішінде 1,8%-і немесе 56-сы ғана өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды. Ал 98,2%-і немесе 2968 іс ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылды.
Айта кетері, бұл ретте лауазымды адамдардың және ресми түрде әрекет ететін адамдардың заңды әрекеті кезінде келтірілген тән зардабы және психикалық зардабы "азаптау және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас" деп танылмайды.
Сырқаты ауыр сотталғандар жазасын кейін өтей алады
Заң жобасындағы тағы бір жаңашылдық – жазаны өтеуді кейінге қалдыру. Бұл норма сырқаты ауыр азаматтарға қатысты қолданылады.
Қолданыстағы заң бойынша сот колонияда жазасын өтеп жатқан адамды жазаны өтеуден босата алады немесе оған жеңіл жаза беруге құқылы. Ал ұсынылып отырған өзгеріс сырқаты ауыр сотталғанға жазасын кейін өтеу мүмкіндігін беруді көздейді.
"Қазіргі таңда сот залынан колонияларға сырқаты ауыр сотталушылар жіберіледі. Ұсынылып отырған түзету қабылданған жағдайда сот науқас сотталушыға жаза тағайындау кезінде жазаны кейінге қалдыру мүмкіндігін қолдана алады. Бұл сотталушыларға азаматтық медициналық мекемелерде дер кезінде емделуге мүмкіндік береді", - деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.
Жазаны кейінге қалдырудың нақты мерзімі жоқ. Яғни сотталушы толық емделгенге дейін бостандықта болады.
Сотталған адамды жазаны өтеуден босатуға негіз болатын аурулар тізімі 2014 жылы ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілді.
Егер түрмедегі адам осы тізімдегі аурумен ауырса, ең алдымен, сол колонияда дәрігерлік-квалификациялық комиссия құрылады. Комиссияның қорытындысы арнайы медициналық комиссияға жолданады. Оның құрамына азаматтық мекемелердің дәрігерлері, психикалық денсаулық орталықтарының қызметкерлері, кем дегенде бес немесе жеті медицина қызметкері кіреді. Олар әлгі адамды түрмеде емдеуге бола ма, жоқ па, соны анықтайды. Егер ауруы емделмейтін болса, ол мамандандырылған медициналық мекемеге жіберіледі.
Бұған қоса, заң жобасында ауыр сырқатқа байланысты босату туралы сот қаулыларын дереу орындау туралы норма көзделген. Яғни сотталған науқастар сот залынан босатылады.
ІІМ мәліметінше, 2015 жылдан бастап 2022 жылға дейін сырқаты ауыр 441 сотталғанның 75-і немесе 18%-і сот шешім қабылдағанға дейін, ал 31-і немесе 9%-і үкім заңды күшіне енгенге дейін қайтыс болған.
Кімдердің жазасы кейінге қалдырылмайды
Жазаны кейінге қалдыру нормасы мына қылмыскерлерге қолданылмайды:
өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар;
кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағандар;
адам өліміне әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс;
қылмыстық топпен жасалған қылмыс.
Жазасын өтеуден босатылған не ауруына байланысты жазасы кейінге қалдырылған адамдар қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бақылауында болады.
Сотталған ананың баласымен болу мерзімі ұзартылады
Қылмыстық-атқару кодексіне сотталған әйелдерге кішкентай баласымен ұзағырақ бірге болуға мүмкіндік беретін норма енгізіледі.
Дәлірек айтқанда, сотталған әйелдердің жаза мерзімі аяқталуына бір жылдан аспайтын уақыт қалса, үш жасқа толған баласымен бірге болу мерзімі тағы бір жылға ұзартылады. Ол үшін сотталған ана түрменің әкімшілігіне өтініш жазуға тиіс.
Қазіргі нормаға сәйкес, сотталған аналар үш жасқа толмаған баласын колониядағы балалар үйіне орналастырады. Әйелдерге жұмыстан бос уақытта сәбиімен бірге болуға және бірге тұруға рұқсат етіледі. Алайда үш жасқа толғаннан кейін ана мен баланың жолдары екіге айырылады. Сол себепті ішкі істер министрлігі ананың баламен әлеуметтік байланысын сақтауға, сондай-ақ баланың күйзелісін азайтуға бағытталған норма ұсынып отыр.
Яғни сотталған әйелдер бір жыл ішінде босатылатын болса, баланы пенитенциарлық балалар үйінде 4 жасқа дейін қалдыруға рұқсат етіледі.
ІІМ мәліметінше, бүгінде 33 сотталған әйелдің ішінде баласын 4 жасқа дейін қалдыру құқығына: 2023 жылы – 11; 2024 жылы – 4; 2025 жылы – 7 ана ие болады.
Бұрын сотталғандар бірінші рет сотталғандардан бөлек отырады
Заң жобасына сәйкес, төтенше қауіпсіз мекемелерді тарату жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде алғаш рет бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендер бұрын сотталғандардан бөлек отырады. Бұл ретте бұрын сотталғандар ерекше режимдегі қауіпсіздігі барынша жоғары колонияларда жазасын өтейді.
Бұл тәсіл бірінші рет сотталғандар арасында тәрбиелік ықпал ету шараларын неғұрлым тиімді қолдануға мүмкіндік береді, сондай-ақ кейбір сотталғандардың түрмеге алғаш түскендерге қысым жасауына жол бермейді.
Бүгінде республикада бұрын сотта, құқық қорғау немесе арнайы органдарда жұмыс істеген сотталғандар жазасын өтейтін екі колония бар.
Біріншісі – Семейдегі қауіпсіздігі барынша жоғары ОВ-156/14 мекемесі. Колония 730 сотталушыға арналған, қазір онда 361 адам жазасын өтеп жүр.
Екіншісі – Өскемендегі ОВ-156/20 орташа қауіпсіз мекемесі. Лимит – 520, сотталғандар саны – 309.
Аталған екі колонияда тек 40 адам ғана бұрын бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген. Заң жобасын әзірлеушілер сотталғандар санының аздығына байланысты ОВ-156/20 мекемесін мемлекеттік бюджеттен ұстау орынсыз деп санайды. Ұсынылған норма "бұрынғы қызметкерлерді" бір мекемеде ұстауға және босаған колонияны басқа санаттағы тұтқындар үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Төтенше қауіпсіз мекемесінің таратылуына байланысты өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар, сондай-ақ өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылғандар толық қауіпсіз мекемеде ұсталады.
Сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға арналған төтенше қауіпсіз мекемесі (Жітіқара қаласынан 30 шақырым жерде) толық қауіпсіз мекеме болып қайта аталады. Қазіргі уақытта бұл мекемені ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы күзетеді.