https://sputnik.kz/20221113/aqsh-ta-aue-shouy-kezinde-eki-ushaq-29269610.html
АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысты - видео
АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысты - видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. АҚШ-тың Техас штатында өткен әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысты. Әлеуметтік желіде апаттың видеосы тарады. 13.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-13T13:19+0500
2022-11-13T13:19+0500
2022-11-13T13:19+0500
әлем
ақш
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e5/05/12/17085233_0:960:2048:2112_1920x0_80_0_0_2e921ec9385b49ea738fb20a6372140f.jpg
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. АҚШ-тың Техас штатында өткен әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысты. Әлеуметтік желіде апаттың видеосы тарады.Сенбі авиашоуда II Дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұшақтардың шеруі өтті. Шараға мыңдаған адам жиналды. В-17 бомбалаушы ұшағы төмен ұшып келе жатқанда оған P-63 Kingcobra жойғыш ұшағы соғылды. В-17 қақ бөлініп, жерге құлағаннан кейін отқа оранды. BBC порталының мәліметіне сәйкес, әзірше қайтыс болған адамдар туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда ұшқыштар қауымдастығы ұшақ бортында екі зейнеткер ұшқыш болғанын хабарлады. Терри Баркер мен Лен Рут B-17 экипажы құрамына кірген. Мамандардың айтуынша, B-17 экипажында әдетте 4-5 адам болады. Ал P-63 Kingcobra жойғыш ұшағын бір пилот қана басқарады.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/12/17085233_0:768:2048:2304_1920x0_80_0_0_0e4fbb35b7cecacc312344cc8739dade.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, ұшақ
АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысты - видео
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. АҚШ-тың Техас штатында өткен әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысты. Әлеуметтік желіде апаттың видеосы тарады.
Сенбі авиашоуда II Дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұшақтардың шеруі өтті. Шараға мыңдаған адам жиналды. В-17 бомбалаушы ұшағы төмен ұшып келе жатқанда оған P-63 Kingcobra жойғыш ұшағы соғылды. В-17 қақ бөлініп, жерге құлағаннан кейін отқа оранды.
BBC порталының мәліметіне сәйкес, әзірше қайтыс болған адамдар туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда ұшқыштар қауымдастығы ұшақ бортында екі зейнеткер ұшқыш болғанын хабарлады.
Терри Баркер мен Лен Рут B-17 экипажы құрамына кірген.
Мамандардың айтуынша, B-17 экипажында әдетте 4-5 адам болады. Ал P-63 Kingcobra жойғыш ұшағын бір пилот қана басқарады.