Алматы облысында көлік жуу орталығы өртеніп, екі адам ауруханаға түсті

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи на дороге
Автомобиль скорой помощи на дороге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. Алматы облысында көлік жуу орталығы өртеніп, екі адам жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 12 қарашада кешкі уақытта Бәйтерек ауылындағы көлік жуу орталығы отқа оранды. Тілсіз жау 295 шаршы метрге шарпыды.
Құтқарушылар өртпен бір сағат бойы арпалысты. Есік қалалық ауруханасына 40 жастағы әйел жеткізілді. Оның денесі 30 процентке күйіп қалған. Ал түнгі уақытта 26 жастағы ер адам ауруханаға өзі келді. Екеуі де жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.
Қазіргі кезде мамандар өрттің себебі анықтауға кірісті.
Жаңалықтар
0