https://sputnik.kz/20221112/zharkentte-eki-zhayau-zhurginshini-kolik-qagyp-ketti-bireui-koz-zhumdy-29255008.html
Жаркентте екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, біреуі көз жұмды
Жаркентте екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, біреуі көз жұмды
Sputnik Қазақстан
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 қараша – Sputnik. Жетісу облысында көлік жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті. 12.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-12T09:20+0500
2022-11-12T09:20+0500
2023-08-10T11:58+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0b/29236739_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_e451948a1d4571b0655ea4451e82ed65.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 қараша – Sputnik. Жетісу облысында көлік жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті.Жол апаты 10 қарашада болған. Жаркент қаласындағы Әлиев көшесінде белгісіз маркалы автокөлік екі ер адамды қағып өткен. Жаяу жүргіншілердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші қашып кеткен, бірақ көліктің мемлекеттік нөмірі апат орнында абайсызда қалып қойыпты.Полиция жол апатына кінәлі адамды анықтады. Ол Toyota Camry тізгіндеген Алматы облысының 31 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі."Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Тергеу қылмыстық заңнаманың екі бабы – жаяу жүргіншілерді қағып кету және жол апаты болған жерден кетіп қалу бойынша жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Сондай-ақ жол апатынан зардап шеккен екінші адам дәрігерлердің бақылауында екені белгілі болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0b/29236739_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_a299ee8a45b8688048a5d75594b11aa5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Жаркентте екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, біреуі көз жұмды
09:20 12.11.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 қараша – Sputnik. Жетісу облысында көлік жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті.
Жол апаты 10 қарашада болған. Жаркент қаласындағы Әлиев көшесінде белгісіз маркалы автокөлік екі ер адамды қағып өткен. Жаяу жүргіншілердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші қашып кеткен, бірақ көліктің мемлекеттік нөмірі апат орнында абайсызда қалып қойыпты.
Полиция жол апатына кінәлі адамды анықтады. Ол Toyota Camry тізгіндеген Алматы облысының 31 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Тергеу қылмыстық заңнаманың екі бабы – жаяу жүргіншілерді қағып кету және жол апаты болған жерден кетіп қалу бойынша жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ жол апатынан зардап шеккен екінші адам дәрігерлердің бақылауында екені белгілі болды.