https://sputnik.kz/20221112/tanymal-anshi-oz-omiri-turaly-kino-tusirip-zhatyr-29255522.html
Танымал әнші өз өмірі туралы кино түсіріп жатыр
Танымал әнші өз өмірі туралы кино түсіріп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Zero деген ерекше атаумен кезекті отандық фильм түсіріліп жатыр. Продюсері әрі басты рөлді сомдайтын актер – танымал әнші Бағлан... 12.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-12T10:06+0500
2022-11-12T10:06+0500
2022-11-12T10:06+0500
кино
https://sputnik.kz/img/903/82/9038238_0:57:1100:676_1920x0_80_0_0_74acbb4f817c20b24126c36f551b0f61.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Zero деген ерекше атаумен кезекті отандық фильм түсіріліп жатыр. Продюсері әрі басты рөлді сомдайтын актер – танымал әнші Бағлан Әбдірайымов.Құмар ойынға тәуелді адамның өмірі осы фильмде көрініс таппақ, деп хабарлады КТК.Түсірілім басталғанына үш апта болды. Бүгінгі локация жаттығу залында. Шаршы алаңда Бағланды Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев жаттықтырып жатыр.Көпшілікке әнші қырымен танымал Бағлан бұл фильмде өзін сомдайды. Сценарий үш жыл бұрын жарыққа шыққан өзінің "Ақ пен қара" кітабына негізделіп жазылған.Фильм режиссері Руслан Расылхан – туындының түсірілуіне түрткі болған адамдардың бірі. Өйткені Бағланның казинода адасқан жылдары қасында бірге жүрген, бәрін өз көзімен көрген. Құмар ойынның құлына айналған досын сол ұйықтан шығаруға талай тырысқан да. Сценарий таза өмірде болған оқиға негізінде жазылған."Қазіргі түсіріліп жатқан фильмнің желісі толығымен өмірде болған. Бағланның басынан өткен. Тимур Жақсылықов ағамызбен кездесіп, осыны айтып бергеннен кейін, қане, жігіттер, кино түсірейік деді. Бағланның осы әрекеттен шығуына Бақтияр Артаевтың көмегі тиген. Сол себепті де осы кішкентай сәтті киноға қостық", - дейді режиссер Руслан Расылхан.Түсірілім алты күннен кейін аяқталады. Артынша бірден монтажы басталады. Ойлаған жоспары орындалса, фильм жаңа жылдан кейін көрерменге жол тартады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/903/82/9038238_62:0:1039:733_1920x0_80_0_0_e2170cd82dc579527835676e66e090bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кино
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Zero деген ерекше атаумен кезекті отандық фильм түсіріліп жатыр. Продюсері әрі басты рөлді сомдайтын актер – танымал әнші Бағлан Әбдірайымов.
Құмар ойынға тәуелді адамның өмірі осы фильмде көрініс таппақ, деп хабарлады
КТК.Түсірілім басталғанына үш апта болды. Бүгінгі локация жаттығу залында. Шаршы алаңда Бағланды Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев жаттықтырып жатыр.
Көпшілікке әнші қырымен танымал Бағлан бұл фильмде өзін сомдайды. Сценарий үш жыл бұрын жарыққа шыққан өзінің "Ақ пен қара" кітабына негізделіп жазылған.
"Адастым, ойнадым. Бірақ кейіннен ел алдында мойындау арқылы, не үшін адастым, неге ойнадым деген сұрақтар қою арқылы түсіне бастадым. Zero дегеніміз, қарапайым өмірде қолданамыз ғой, зироу – нөл. Ойнаған адам, адасқан адам, банкрот болған адам нөл болады. Ал енді кейбір жетістікке жеткен адамдардың да әңгімесі бар, "мен нөлден бастағам" деген сияқты. Осындай тақырыпты ашып тұр", - дейді фильм продюсері Бағлан Әбдірайымов.
Фильм режиссері Руслан Расылхан – туындының түсірілуіне түрткі болған адамдардың бірі. Өйткені Бағланның казинода адасқан жылдары қасында бірге жүрген, бәрін өз көзімен көрген. Құмар ойынның құлына айналған досын сол ұйықтан шығаруға талай тырысқан да. Сценарий таза өмірде болған оқиға негізінде жазылған.
"Қазіргі түсіріліп жатқан фильмнің желісі толығымен өмірде болған. Бағланның басынан өткен. Тимур Жақсылықов ағамызбен кездесіп, осыны айтып бергеннен кейін, қане, жігіттер, кино түсірейік деді. Бағланның осы әрекеттен шығуына Бақтияр Артаевтың көмегі тиген. Сол себепті де осы кішкентай сәтті киноға қостық", - дейді режиссер Руслан Расылхан.
Түсірілім алты күннен кейін аяқталады. Артынша бірден монтажы басталады. Ойлаған жоспары орындалса, фильм жаңа жылдан кейін көрерменге жол тартады.