https://sputnik.kz/20221112/shymkentte-ush-balanyn-anasy-5-qabatty-uydin-shatyrynan-sekirip-kete-zhazdady-29263531.html
Шымкентте үш баланың анасы 5 қабатты үйдің шатырынан секіріп кете жаздады
Шымкентте үш баланың анасы 5 қабатты үйдің шатырынан секіріп кете жаздады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. Шымкент қаласында шатырдан секірмекші болған келіншекті полицейлер райынан қайтарды, деп хабарлайды Polisia kz. 12.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-12T19:50+0500
2022-11-12T19:50+0500
2022-11-12T19:50+0500
шымкент
https://sputnik.kz/img/1193/47/11934770_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_35193d672f85cc5c439bb87b57ebba65.jpg
АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. Шымкент қаласында шатырдан секірмекші болған келіншекті полицейлер райынан қайтарды, деп хабарлайды Polisia kz.Полицияға "Адия" тұрғын үй кешенінің тұрғындары хабарласып, белгісіз біреудің шатырдан секірмекші екенін жеткізді. Келіншек темір қоршаудың арғы жағына өтіп кеткен. Шатырдың шетінде екі қолымен қоршауды ұстап отырған.Патрульдік полицияның барлық экипажына хабар берілді. 1-рота қызметкерлері Қанат Бишинов пен Бейбіт Нұрпейісов бірінші болып барды. Тәртіп сақшылары бірнеше минуттың ішінде шатырға шығып, алдымен келіншекті әңгімеге тартты. Сосын ақырын жақындап, ұстап қалды.Қала тұрғыны аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Әйелдің үш баласы бар. Әңгімеден кейін полицейлер оны күйеуіне тапсырды.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1193/47/11934770_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0295999c7a392561fcdf309d326f2b17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент
Шымкентте үш баланың анасы 5 қабатты үйдің шатырынан секіріп кете жаздады
АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. Шымкент қаласында шатырдан секірмекші болған келіншекті полицейлер райынан қайтарды, деп хабарлайды Polisia kz.
Полицияға "Адия" тұрғын үй кешенінің тұрғындары хабарласып, белгісіз біреудің шатырдан секірмекші екенін жеткізді. Келіншек темір қоршаудың арғы жағына өтіп кеткен. Шатырдың шетінде екі қолымен қоршауды ұстап отырған.
Патрульдік полицияның барлық экипажына хабар берілді. 1-рота қызметкерлері Қанат Бишинов пен Бейбіт Нұрпейісов бірінші болып барды. Тәртіп сақшылары бірнеше минуттың ішінде шатырға шығып, алдымен келіншекті әңгімеге тартты. Сосын ақырын жақындап, ұстап қалды.
Қала тұрғыны аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Әйелдің үш баласы бар. Әңгімеден кейін полицейлер оны күйеуіне тапсырды.