Астанада бозбалалар жас жігітті тонап кетті – видео

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Астанада жас жігітті тонап кеткен бозбалалар ұсталды. Қылмыс бейнебақылау камераларына жазылып қалған, деп хабарлады Polisia.kz порталы.
26 жастағы жігіт полицияға арыз түсірді. Қордай көшесінде белгісіз екі жігіт оны ұрып-соғып, сөмкесін тартып алған. Жәбірленуші артынан қуған. Бірақ жете алмапты.
Жедел іздестіру шаралары барысында 19 және 17 жастағы күдіктілер ұсталды. Үлкені уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал кәмелетке толмаған екінші күдікті ювеналды полицияның ерекше бақылауына алынды.
Күдіктілер сөмкеде болған 1400 АҚШ долларының бір бөлігін айырбастап, өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген. Қалған қаражат тәркіленді.
Жаңалықтар
0