55 күнде 5555 шақырым: Қарағандылық веломарафоншы халықаралық шеруін аяқтады
© Photo : из личного архива Ерната Мелсулы55 күнде 5555 шақырым: Қарағандылық марафоншы халықаралық велошеруін аяқтады
© Photo : из личного архива Ерната Мелсулы
Жазылу
АСТАНА, 12 қараша– Sputnik. Қарағандылық әуесқой велосипедші Ернат Мелсұлы 55 күнде 5555 шақырым жүріп өтті. Ол өзінің велошеруін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнады.
Марафон Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде, 5 қыркүйекте мерейтой иесінің отаны Ақкөл ауылында басталып, Стамбұлда аяқталды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
© Photo : из личного архива Ерната Мелсулы55 күнде 5555 шақырым: Қарағандылық марафоншы халықаралық велошеруін аяқтады
55 күнде 5555 шақырым: Қарағандылық марафоншы халықаралық велошеруін аяқтады
© Photo : из личного архива Ерната Мелсулы
"Менде екі міндетті шарт болды: біріншісі – 5 қыркүйекте, Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде марафонымды бастау, екіншісі – Ұлт ұстазының туған ауылынан жолға шығу", – дейді Ернат Мелсұлы.
"Менің сапарымның 60%- ы, 3000 шақырымнан астамы Қазақстанның төрт өңірі – Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында өтті. Содан кейін мен Кутаисиге (Грузия) ұштым", - деп толықтырды ол.
Ернат Мелсұлы Қара теңіз бойымен 600 шақырым жүріп, Түркия шекарасын кесіп өтіп, Ердоғанның туған қаласы Ризеге жетті.
Түркияда веломарафоншы Трабзон, Орду, Самсун, Чорум, Кале, Анкара қалаларында болып, оны Қазақстан елшілігі, Бурса және Стамбұл қарсы алды.
© Photo : из личного архива Ерната Мелсулы
55 күнде 5555 шақырым: Қарағандылық веломарафоншы халықаралық шеруін аяқтады
1/3

2/3

3/3

"Мен іс жүзінде 5585 км жүрдім. Бірақ есте қалу үшін және әдемі сан болуы үшін өзім жоспарлағандай, 55 күн ішінде 5555 шақырым өттім деп қалдырдым", - деп түсіндірді ол.
Спортшы велотурды таэквондодан жеті дүркін әлем чемпионы Алаштың ұлы Мұстафа Өзтүрік зиратында аяқтады.
"Көрнекті спортшының үйін көрдім, қазір оның оқушысы Джемал Кабадайи басқарып жүрген атақты тұлғаның өзі құрған мектепке бардым. Мұстафа Өзтүріктің ұрпақтары маған кубок пен медаль сыйлады", – дейді веломарафоншы.
Ернат велосипедпен жыл бойы, 12 ай жүреді және халықаралық марафонды аяқтағаннан бетте жаңа маршруттар жоспарлап отыр.
"Менің мақсатым – бүкіл әлемді темір тұлпарыммен айналып өту. Стратегия – маршруттарды қайталамау. Енді мен Шығысқа барғым келеді. Келесі жылы Сұлтан Бейбарысқа 800 жыл толады, велошеруімді соған арнауды жоспарлап отырмын. Мен Ақтоғайда бастаймын және Египетте, Каирде аяқтаймын. Мұнда ол 17 жыл билік еткен. 2024 жылы Стамбұлдан Парижге жетуді көздеп отырмын. Онда жазғы Олимпиада ойындары өтеді, ал екінші себеп – Мұстафа Өзтүріктің 70 жылдығы болады. Ол бірінші болып Германияда, Түркияда және Қазақстанда таэквондоны танымал ете бастады", – дейді Ернат.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Ернат Мелсұлы 9 сағат 56 минутта 150 шақырымды жүріп өтті. Велошеру Қазақстанның рекордтар кітабына алғашқы қысқы веломарафон ретінде енді.