Тоқаевтың баспасөз хатшысы президенттің мәлімдемесіне түсініктеме берді

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Жазылу
АСТАНА 11 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан барлық елдің территориялық тұтастығын қолдайтыны" туралы бүгінгі мәлімдемесіне президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай түсініктеме берді.
Желдібай Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдау және БҰҰ Жарғысын сақтау туралы президенттің мәлімдемесіне қатысты БАҚ-тан сұрақтар келіп түсіп жатқанын атап өтті.
"Осыған байланысты мемлекет басшысы бұл мәлімдемені Солтүстік Кипр Түрік Республикасына Түркі мемлекеттері ұйымында бақылаушы мәртебесін беру туралы өтінішке орай жасағанын атап өткім келеді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Қазақстан БҰҰ жарғысын және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын дәйекті түрде ұстанады. Президент бұл жөнінде бірнеше рет айтқан", - деп толықтырды баспасөз хатшысы.
Еске сала кетейік, Тоқаев Қазақстан барлық елдің территориялық тұтастығын қолдайтынын бүгін тағы бір мәрте мәлімдеді.
Қол, карта - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Саясат
Қазақстан барлық елдің территориялық тұтастығын қолдайды – Тоқаев
Жаңалықтар
0