https://sputnik.kz/20221111/toqaev-astana-tmu-tsifrlandyru-ortalygy-29235428.html
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының цифрландыру орталығын ашуды ұсынды
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының цифрландыру орталығын ашуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қараша - Sputnik. Самарқанд қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада осы ұйымның цифрлық орталығын ашуды... 11.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-11T14:12+0500
2022-11-11T14:12+0500
2022-11-11T14:36+0500
қасым-жомарт тоқаев
астана
саясат
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0b/29230216_27:0:1254:690_1920x0_80_0_0_fe045624e451a9fc2bf63cc9300506c8.jpg
АСТАНА, 11 қараша - Sputnik. Самарқанд қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада осы ұйымның цифрлық орталығын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазақстан президенті түркі елдерін ІТ-саласындағы қарым-қатынасты жандандыруға үндеді. Себебі соңғы кезде геосаяси ахуалға байланысты мемлекеттер бір-бірінен технологиялық тұрғыдан оқшауланып жатыр. Осы орайда мемлекет басшысы Астанада "Digital Bridge" атты халықаралық іс-шараны еске алды. Ол жерде ІТ-саласында жұмыс істейтін креативті жастарымыз бас қосып, өзінің озық идеяларын ортаға салды. "Сондай-ақ, мемлекеттеріміздің IT-хабтары арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Осы ретте мен Астана хаб халықаралық технопаркі негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынамын. Бұл құрылым сауда, көлік, су ресурстары, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да салаларға қажетті цифрлық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті Қазақстан президенті. Оның айтуынша, осы бастаманы іске асыру үшін Түркі елдерінің венчурлық қорын құрған жөн. Сол арқылы маңызды старт-ап жобаларға инвестиция тартуға жол ашылады.Сондай-ақ, Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының негізінде Түркі жасыл қаржы кеңесін құруды ұсынды. Өйткені соңғы 7 жылда әлем елдері "жасыл" облигацияларға 2,5 триллион доллардан астам қаржы бөлді.
https://sputnik.kz/20221111/qazaqstan-barlyq-eldin-territoriyalyq-tutastygyn-qoldaydy-29236429.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0b/29230216_180:0:1100:690_1920x0_80_0_0_80f2025e696f71576118463faad8d177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, астана
қасым-жомарт тоқаев, астана
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының цифрландыру орталығын ашуды ұсынды
14:12 11.11.2022 (жаңартылды: 14:36 11.11.2022) АСТАНА, 11 қараша - Sputnik. Самарқанд қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада осы ұйымның цифрлық орталығын ашуды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Қазақстан президенті түркі елдерін ІТ-саласындағы қарым-қатынасты жандандыруға үндеді. Себебі соңғы кезде геосаяси ахуалға байланысты мемлекеттер бір-бірінен технологиялық тұрғыдан оқшауланып жатыр.
"Түркі елдерінің IT-саласына қатысты тың тәсілдер әзірлеуі айрықша маңызды. Бұл біздің цифрлық дамуымызға жол ашады", - деді Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы Астанада "Digital Bridge" атты халықаралық іс-шараны еске алды. Ол жерде ІТ-саласында жұмыс істейтін креативті жастарымыз бас қосып, өзінің озық идеяларын ортаға салды.
"Сондай-ақ, мемлекеттеріміздің IT-хабтары арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Осы ретте мен Астана хаб халықаралық технопаркі негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынамын. Бұл құрылым сауда, көлік, су ресурстары, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да салаларға қажетті цифрлық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті Қазақстан президенті.
Оның айтуынша, осы бастаманы іске асыру үшін Түркі елдерінің венчурлық қорын құрған жөн. Сол арқылы маңызды старт-ап жобаларға инвестиция тартуға жол ашылады.
Сондай-ақ, Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының негізінде Түркі жасыл қаржы кеңесін құруды ұсынды. Өйткені соңғы 7 жылда әлем елдері "жасыл" облигацияларға 2,5 триллион доллардан астам қаржы бөлді.