Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда колонияда бір жазасын өтеуші екіншісін ұрып өлтірді

© Fotolia / Sakhorn38Жазасын өтеуші
Жазасын өтеуші - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 қараша - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Новоукраинка ауылындағы №51 мекемеде жазасын өтеушілер арасында жанжал туындап, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 9 қарашада болған. 1994 және 1976 жылы туған сотталғандар төбелесіп, біреуі екіншісін бірнеше рет балғамен ұрған.
1976 жылы туған жәбірленуші Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша ("Кісі өлтіру") тіркелді. Күдікті Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Айта кетері, әлеуметтік желіде тараған видеода мекеме қызметкері бір сотталушы екіншісін ұрып жатқанда қарап тұрған. Қайғылы оқиғаның алдын алу үшін ешқандай шара қолданбаған. Осыдан кейін ол есікті ашты. Ал ұрған сотталушы қолындағы балғасымен жәбірленушінің үстінен аттап өтіп, жайбарақат кетіп қалған. Біраздан соң есінен танып қалған сотталушының айналасында шу басталған.
АРХИВ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Өңірлер
Оралдағы түрмеде жаппай төбелес болды
Жаңалықтар
0