Өңірлер

Көкшетауда ер адамның денесі гаражда тұрған көлігінен табылды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 11 қараша - Sputnik. Көкшетау қаласында көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Сараптама кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
32 жастағы қала тұрғыны иіс тиіп уланған. Көлік гаражда тұрған. Ер адамның мәйіті 8 қарашада табылды.

"Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, өлім көміртегі тотығымен улану салдарынан болған. Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - дейді полицейлер.

Осы орайда тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларына бей-жай қарамауға шақырды.
"Газбен уланудың алдын алу үшін көліктің шығару жүйелерінің дұрыстығын және саңылауы жоқ екенін үнемі тексеріп отыру қажет", - деп атап көрсетті департамент мамандары.
DiDi  такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2022
Такси қызметімен заңсыз айналысқандардың көлігі тәркілене ме - комитет жауабы
Жаңалықтар
0