Өңірлер

Атырауда ауылдасын өлтірген 8 адам сотталды

© Sputnik / Владислав ВодневСот
Сот - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 11 қараша - Sputnik. Атырауда ауылдасын асқан айуандықпен ұрып өлтірген 8 адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Astana TV арнасы.
Индер ауданы Есбол ауылының тұрғыны 30 жастағы Азамат Қалбағаевтың денесінде сау жер қалмаған болатын. Таныстары оны ауыл шетіне апарып, темірмен өлімші етіп сабап тастады. Далада қаңсырап жатқан ер адамды адамдар көріп, ауруханаға жеткізуге тырысқан. Бірақ ер адам жолда қайтыс болған.
Қоғамдық резонанс туғызған іске қатысты сот үкімін тыңдау үшін келген адамдар залға сыймады. Тергеу кезінде Қалбағаев басынан ауыр жарақат алып, миы жарылғаны, қабырғасы, мұрны мен беті, екі қолы мен аяқтары да сынғаны анықталды.
Сарапшылар марқұмның алған жарақатын санап шығу мүмкін болмағанын айтты. Бас кезінде он жігіт күдікке ілінген. Артынан екеуі сотқа куәгер ретінде қатысқан. Сотталушылардың бәрі - Есбол ауылының тұрғындары, 29-30 жастағы жігіттер.
Судья 3 жігітті адам өлтіру бабымен 15 жыл, ал қалған бесеуін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Оған қоса, сотталғандар марқұмның отбасына 37 миллион теңге моралдық шығын төлеп беруге міндеттелді.
Жаңалықтар
0