Елорда тынысы

Астанада ер адам полицияға себепсіз 99 рет хабарласқан

© Photo : Pixabay / MimzyТелефон ұстап тұрған ер адам
Телефон ұстап тұрған ер адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 қараша - Sputnik. Астанада полицияға еш себепсіз 99 рет хабарласқан ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол өзінің бұл әрекетін мастықтың салдарынан деп түсіндірген. Қоңырау шалғыш тұрғын жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК (1 АЕК - 3 063 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
"Жыл басынан бері елорданың 40 жастағы тұрғыны полицияға 99 рет қоңырау шалған. Барлық қоңырау шалулар бойынша дереу қызмет көрсетілді, алайда қоңыраулардың бір-екеуі ғана полицияның араласуы қажет оқиғаларға қатысты болған. Қоңыраулардың көп бөлігі жалған болып шықты, бірақ әрбір шалынған қоңырау бойынша полицияның кешенді күштері, кейбір жағдайларда жедел-тергеу топтары қызмет көрсетуге шыққан", - деп мәлімдеді Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мәселен, жоғарыда аталған азамат полицияның "102" арнасына сағат 04.24-те Абай даңғылындағы супермаркеттің жанында белгісіз ер адам пышақпен адамдарға қауіп төндіріп жүргенін айтып бірнеше рет қоңырау шалып, тез әрекет етуді сұраған. Оқиға орнына дереу жеткен полиция ақпараттың жалған екеніне көз жеткізген.
Құқықбұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 438-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, оған қатысты қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін 440-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазіргі уақытта Астана қаласының полиция департаменті залалды өндіріп алу үшін азаматтық сотқа материал дайындап жатыр.
Жаңалықтар
0